Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Қыр-сыры мол Атырау...

Сәлем бердік, құрметті оқырмандар! Сіздермен бірге тағы да біз - Павлодар қаласының салқын самал желін сағынған Оқжетпес шаңырағының оқушылары!

Бүгін біз таң атысымен Атырау қаласынан 200 шақырым жерде орналасқан Индер ауданына жол жүрдік. Бұл аудан өзінің табиғат сұлулығымен ғана емес, тарихи мұраларымен де таңғаларлық әсер қалдырды.

Қазақ  даласында көне дәуірлердің көзіндей,  кешегі өткен бабаларымыздың қолтаңбасы қалған жәдігерлерді бүгін біз  Индер аудандық тарихи-өлкетану мұражайында көрген болатынбыз. Мұражайдың негізін соғыс және еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Ұ.Аманғалиева қалап кеткен еді. Мұражай қызметкерлерінің көп еңбектенуінің, ізденуінің нәтижесінде қазіргі таңда мұражай қорында 5112-ге жуық жәдігер бар.

 

Соған қоса ұлт-азаттық көтерілістің жаршысы Махамбет Өтемісұлының мазарына барып, аруағының рухына құран бағыштап,тілектер тіледік. Мазар жайлы айтып кетсек, ол 1995 жылы Маңғыстаудың ұлутасынан Қараойда 12 метрлік биіктікте тұрғызылды.

 

"Тұзды көл - дала дәрігері" деп бекер айтпаған екен. Бүгін соған өзіміздің көзіміз жеткен болатын. Жолдан ауырып келген сыныптасымыздың тұзды көлге барып келгеннен кейін сауығып кетуі бұған айқын дәлел. Тұзды көлге жеткен кезімізде айналасындағы табиғаттың,тіпті көлдің өзінің көздің жауын алғаны соншалықты, өзіміз сол көлге қызығып, суға кіруге асықтық. Әрбіреуіміз бір уыз туызды естелік ретінде өзімізбен бірге алып кеттік.

Атырау қаласында алғашқы рет болғандықтан болар, ол бізге күн сайын жаңа-жаңа қырларынан танылып,біздің оған деген сүйіспеншілігіміз арта түсүде! Туған елге тағзым атты жобасының жүлдегерлері болғанымызға өте қуаныштымыз! Себебі, қазағымыздың бұрын соңды болмаған жерлеріне барып,оларды басқа тұрғыдан тани біліп, тарихтары жайлы білімдерімізді тереңдете түстік.Алдағы уақытта да солай жалғаса береді деген үміттеміз...

Ашық аспан, айлы түн,

Тілейміз сіздерге қайырлы түн!

0
0
3286

Еще по теме

Қыр-сыры мол Атырау... - Yvision.kz