Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Қымбатты отандастар!

Жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасу жағдайында еліміз серпінді экономикасы, тұрақты саяси институттары және дамыған азаматтық қоғамы бар мемлекет ретінде біртіндеп орнықты даму жолына түсуде. Мұндай саясаттың өзегін Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық бағытының сабақтастығы құрайды. Коронавирус пандемиясының әсеріне байланысты туындаған құбылмалы, тұрақсыз ахуал күрделі әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді шешуде инновациялық тәсілдерді қажет етеді. Сондықтан да қоғам «Nur Otan» партиясына жаңа идеялар мен білікті кадрлардың генераторы ретінде үмітпен қарайды. Бұл ретте «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толыққанды жүзеге асыру айрықша маңызды деп санаймын. Шынтуайтында, мемлекеттік институттар ендігі жерде қоғамдық мүдделерден бөлек жұмыс істей алмайды, олардың қызметі толығымен азаматтарымыздың нақты сұраныстары мен талап-тілектеріне бағытталуы керек. Елдегі жетекші саяси күш ретінде «Nur Otan» партиясы осынау бағытта басты біріктіруші рөлін атқаруға тиіс. Партия әзірлеген 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды тұғырнама – бүгінгі күннің күрделі ахуалына қатысты объективті көзқарас. Құжатта азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру бойынша барынша ойластырылған шаралар қамтылған. Партияның өз сайлауалды тұғырнамасын тиімді іске асыруы еліміздің өркендеуін, әділдіктің үстемдігін, заңдылық пен тәртіптің сақталуын қамтамасыз ететініне сенімім мол.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

0
0
151

Еще по теме

Қымбатты отандастар! - Yvision.kz