ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРУ
Жаңа технологияларды енгізу – экономиканың бәсекеге қабілетті болуын дамыту бағытындағы негізгі вектордың бірі. Сондықтан да ғалымдарды қолдап, олардың өндіріспен байланысын дамыту аса маңызды. Біздің министрлік бұл бағытта белсенді жұмыс істеп отыр. Бұған дейін Дүниежүзілік банк серіктес болып отырған “Өнімді инновацияларды ынталандыру” (ӨИЫ) атты жоба туралы жазған болатынбыз (https://yvision.kz/post/774227). Бүгін осы жоба аясындағы грант бағдарламалары мен конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар туралы айтпақпыз. Оқырмандарды мазалаған сауалдарға жауап алу үшін ӨИЫ директорының орынбасары Мұрат Сартбаевқа тағы да хабарласқан едік.
С.: ӨИЫ жобасы қазір қай кезеңде тұр?
М.: Дәл қазір “Инновация үшін білім базасын дамыту” бағытының шеңберінде аға ғылыми қызметкерлер тобы (АҒҚТ) және кіші ғылыми қызметкерлер тобы (КҒҚТ) үшін грант бағдарламасына конкурс аяқталды. Бүгінгі күнге дейін іріктелген 33 жобаның 23-ін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (ЖШС) жасап, есепшот ашып, грант туралы келісімге қол қойып, аванс төлемін алып үлгерді. Конкурсқа әртүрлі бағыт бойынша ғалымдар қатысты. Жеңімпаз болған жобалардың бір парасы мынадай: “Мұнай-газ және уран өнеркәсібінің жабдықтарына арналған коррозияға қарсы қорғаныс қабатын наноқұрылымдау”, “Қалаларды көгалдандыруға өнеркәсіптік мақсатта пайдалану үшін ағаш өсімдіктерді микроклонды көбейтудің технологиясын коммерцияландыру”, “Канализация суы жиналатын көлдерді белсенді микроағзалармен биологиялық тазалаудың технологиясын жасау”, “Инновациялық технологияны пайдалана отырып, қымыз бен шұбаттың құрғақ ұнтағынан лактоферрин өндірісін жолға қою”, т.б.
Біз жеңімпаздардың аралық нәтижесіне тұрақты мониторинг жасап отырамыз, бұл дер кезінде кеңес беріп, жобаны әрі қарай қаржыландырудың маңыздылығын бағалауға мүмкіндік береді. 2017 жылғы маусымның соңында 2016 жылы іріктелген АҒҚТ және КҒҚТ жобаларына көшпелі мониторинг жасадық. Халықаралық ғылым кеңесінің мүшелері жоба жетекшілерінің есебін қабылдап, олардың аралық нәтижелерін тексерді. Тексеру нәтижесіне орай 23 жоба ішіндегі жобаларды қаржыландыру жалғасатын болды және 6 жоба ішіндегі жоба шарт бойынша қаржыландырылмақ. АҒҚТ және КҒҚТ жобаларының мәртебесі турады ақпарат пен олардың нәтижелері сайтта үнемі жаңарып отырады: http://fpip.kz/index.php/ru/grantovye-programmy/gsns-i-gmns.
С.: Жобалар қандай принципке сай іріктелді?
М.: Бізде Ғылым жөніндегі халықаралық кеңес бар, ол Білім және ғылым министрлігінің Ғылыми комитеті жанындағы тәуелсіз консультативті орган. Осы кеңес конкурс процесінің ашық та таза болуын қамтамасыз етеді, конкурс құжаттарын келіседі, жобаларды іріктейді және мониторинг жасайды, сондай-ақ, Білім министрлігі қаржыландыратын және ЖБТ (жобаларды басқару тобы) жүзеге асыратын грант бағдарламаларына қолдау көрсетеді. Әр грант бағдарламасына орай Грант жөніндегі нұсқаулық жасалып, онда конкурстың талаптары мен шарттары егжей-тегжейлі көрсетіледі.
С.: Бұл гранттық жобалар әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті ме?
М.: Гранттар шетелдік сол секілді жобаларға сай келетін немесе олардан асып түсетін жобаларға ғана беріледі. Сонымен қатар, Ғылым кеңесі өзіндік құны арзан, импорт алмастыруды қамтамасыз ете алатын немесе шетелдік нарыққа шығуға мүмкіндігі бар жобаларды ғана қамтиды.
С.: ӨИЫ жобасы шеңберінде қандай бағыттар дамып отыр?
М.: Жоба төрт бағыт бойынша даму үстінде:
“Инновация үшін білім базасын дамыту”. Мақсат – коммерциялық потенциалы бар жоғары сапалы ғылыми зерттеулерді жүргізуді ынталандыру. Мұнда гранттың екі түрі ұсынылады: аға ғылыми қызметкерлер тобы (АҒҚТ) және кіші ғылыми қызметкерлер тобы (КҒҚТ) үшін – конкурстың қазіргі жағдайы туралы жоғарыда айттық;
PhD студенттерінің зерттеулері мен тренингтеріне (докторанттарға, шетелде оқитын қазақстандықтарға, сондай-ақ қазақ диаспорасының шетелдік өкілдеріне). Нарықтың және өндіріс секторының нақты қажеттілігін шешу үшін ғылым, өндіріс және мемлекеттің күшін бір арнада тоғыстыруға бағытталған “Инновациялық консорциумдар”. Консорциумдар индустрияландыру бағдарламасына қатысатын жоғары оқу орындарының базасында құрылады.
Гранттар екі түрлі топқа бөлінеді:
өндірістік сектор консорциумдарына – экономиканың өндіріс секторын жақсарту үшін;
инклюзивті инновациялар консорциумдарына – халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту үшін.“Коммерциялық технологияларды консолидациялау циклі” бірқатар шараларды жүзеге асырудан тұрады:
венчурлік қор құру (технологиялық стартап-компанияларға тәуекелді төмендетіп, жауапкершілікті бөлісу үшін мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі түрінде ерте инвестиция тартудың тиімділігін көрсету);
мәмілелерді көптеп жасау бойынша брокерлік қызмет (технологияны жетілдіру бойынша қызмет нарығын дамыту және коммерциялық инвестициялық жобалардың технологиясын жетілдіру);
шетелде технология трансферті кеңсесін ашу (шетел нарығында қазақстандық технологияны ұсыну және Қазақстанға енгізетін технологияларды іздеу);
технологияны коммерцияландыру кеңселерінің қуатын арттыру (2015-2019 жылдарға арналған индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде жоғары оқу орындарының жанынан конкурстық іріктеу негізінде 5-6 технологияны коммерцияландыру бойынша тиімді кеңсе желісін құру).
«Ұлттық инновациялық жүйені (ҰИЖ) үйлестіруді күшейту және қолданыстағы институционалдық құрылымдардың қуатын арттыру”. Бұл бағыт ҰИЖ жағдайына және болашақ даму перспективасына талдау жасап, ЭӘДҰ елдерінің халықаралық озық тәжірибесін есепке ала отырып, ғылыми-техникалық бағыттағы статистикалық ақпарат пен стандарттарды үйлестіруді қарастырады. Ғылым мен инновация мәселелеріне арналған бірегей алаңда мемлекет, ғылым және бизнес өкілдері бас қосады.
С.: Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар қандай?
М.: Біріншіден, жобаның инновациялық болуы, яғни ғылыми-техникалық жұмыстың жаңалығы, халықаралық рецензиясы бар журналдардағы жарияланымдар мен патенттер. Екіншіден, коммерциялық перспективасы: комиссия сапалы коммерциялық стратегияға назар аударады. Жақын уақытта өз-өзін ақтап, салық түрінде мемлекеттің кеткен шығынын қайтаратын жобаларға басымдық беріледі.
АҒҚТ мен КҒҚТ грант бағдарламасына қатысушыларға қосымша талаптар қойылады: жетекші Қазақстанның азаматы болуы керек, ал топ мүшелері екі және одан артық жобаға қатыса алмайды.
Әр грант бағдарламасы бойынша нақты талаптар туралы толығырақ ӨИЫ сайтынан танысуға болады (http://www.fpip.kz/index.php/ru/).
Келесі тізбектегі жұмыстарға қаржы берілмейтінін атап айтқан жөн:
басқа грант бағдарламалары шеңберінде жасалған жұмыстар;
экологиялық бағалау бойынша “А категориясына” жататын жобалар;
Дүниежүзілік банктің шектеу тізіміне кіретін жұмыстар;
темекі, алкоголь өнімдерін, қару-жарақ және оқ-дәрі, ойын бизнесі және басқа мақсатта пайдаланылуы мүмкін өнімдерді өндіру және/немесе сатумен байланысты жоба ішіндегі жобалар;
күштеп көшірумен байланысты жоба ішіндегі жобалар.
Мәтінмен байланысты сұхбаттар:
«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасының мақсаты туралы https://yvision.kz/post/774227 ;
Ғылым Қорының 2016 жылғы жұмыстарының нәтижелері.https://www.facebook.com/edugovrk/posts/1888968414649183;
Астанадағы жарықдиодты шамдарды дайындау өндірісі туралы. Ғылым Қоры жобаға 300 миллион теңге қаржы бөлді.https://www.facebook.com/edugovrk/posts/1889015164644508;
Алматыдағы құндылығы аз ағаш сүрегінен жасалған сапалы және экологиялық таза бұйымдарының өндірісі туралы. Ғылым Қоры жобаға 54 миллион. теңге қаржы бөлдіhttps://www.facebook.com/edugovrk/posts/1889937587885599.
Экологиялық таза өсімдіктен жасалған иммунитет көтеретін дәрінің жаңа формасы.Ғылым Қоры жобаға 100 миллион теңге қаржы бөлді.https://www.facebook.com/edugovrk/posts/1904913379721353.

