Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Ярмарка вакансий

 

Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастырылған кезекті бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Бұл жастар еңбек жұмысының форматы жас мамандар мен соңғы түлектердің арасында өзін көрсете білді.  Жұмыс берушілер үшін де бұл әлеуетті жұмыскер іздеудің жемісті әдістердің бірі болып табылады.

Бүгінгі жәрмеңкеде шағын және орта бизнес пен мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Олар «Павлодар облысының ветеринарлық басқармасы» ММ-сі, «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-сі, «Павлодар облысының жер қойнауы , қоршаған ортаны қорғау және су ресурстарын басқару» ММ-сі, Павлодар қаласының « Жинақ банкі » АҚ, «Крендель» ЖШС, «Қазпошта» АҚ - барлығы 20 мекемеден астам.

200-ге жуық ЖОО-ы мен колледж түлектері жұмыс берушілермен тікелей  әңгімелесіп, өз түйіндемелерін ортақ базаға кіргізуге  мүмкіндік алды.

Бос орындар жәрмеңкесі өз жұмысын жалғастыруда, әлеуметтік желілерден жаңалықтарды бақылаңыздар.

 

0
0
321

Еще по теме

Ярмарка вакансий - Yvision.kz