ҰЯЛЫДА ӨТКЕН ЖЫЛЫ КЕЗДЕСУ
Халықтық коалиция атынан ұсынылған Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдауға бағытталған аудандық штаб мүшелері өз жұмыстарын бастап кетті. Бөкей ордасы аудандық штабтың жетекшісі Исатай Құрмашев және оның мүшелері Куаныш Елемесов, Бибігүл Ұялы ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғынарымен кездесті тұрғындармен кездесті. Кездесуде Қасым-Жомарт Кемелұлының өмір баяны мен еңбек жолдарын аудандық штабтың жетекшісі Исатай Құрмашев баяндап өтті. Штаб мүшелері ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Үміткердің "ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: БӘРІМІЗ ЖӘНЕ ӘРҚАЙСЫМЫЗ ҮШІН. ҚАЗІР ЖӘНЕ ӘРДАЙЫМ" атты 7 жылдық бағдарламасының аталуының өзі барлық азаматтарға бағытталғандығын, -Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Ең алдымен экономика, әлеуметтік сала мен өңірлік саясаттағы түбегейлі өзгерістер туралы бастама көтермекпін. Алдағы реформалар халықтың мұң-мұқтажына тиімді жауап болмақ, сонымен бірге сыртқы сын-қатерлерге қарсы тұрақтылығымызды күшейтпек. Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанда әділеттілік орнату. Ол үшін өткеннен сабақ алып, өткеннің қателігін түзетіп, қордаланған мәселелерді шешу керек, - деп басталуының өзінде үлкен мән жатқандығын айтты. Әсіресе ауыл тұрғындары үшін ең өзекті мәселелер: • Ауылды жедел дамытуға басымдық береміз. • Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын әзірлейміз. • 1 миллионнан астам ауыл тұрғынын қамтитын ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға 1 трлн теңге бөлеміз. • Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу, шағын несие алу және ірі қаладағы өткізу нарығына қол жеткізу үшін жеңілдіктер береміз; • Кооперативтік кәсіпкерлікке барлық жеке қосалқы шаруашылықтың жартысын тартамыз, нәтижесінде ауыл шаруашылығында 350 мыңнан астам сапалы жұмыс орны пайда болады. • Суару алаңын екі есе арттырып, оны кемінде 2,2 млн гектарға дейін жеткіземіз. • 3,5 мың шақырым суару каналдарын қайта жөндейміз. • 4 текше шақырым суды жинақтауға мүмкіндік беретін жаңа 25 су қоймасын саламыз, қолданыстағы 16 су қоймасын жөндеуден өткіземіз, - дегені елді-мекендердің дамуына, ауыл тұрғындарының күнкөрісінің ұлғаюына үлкен қолдау, оң серпін екендігін жеткізіп, халықтық коалициядан ұсынылған кандидат Қ.Тоқаевты қолдауға шақырды. #Toqaev2022
