Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Ұялы байланыс телефондары туралы

Бүгінгі таңда ұялы телефондар сәнді емес, жоғары сапалы және жылдам байланысу құралы болып саналады. Іс жүзінде телефонмен барлық адамзат, соның ішінде кішкентай балалар да пайдаланады. Ұялы телефондарын сату мен өндіру сауда орындарының саны күн сайын артып келеді. Олар барлық дүкендерде, тіпті әр бір бес қадам сайын орналасқан. Брендтік және «қытай» жаңа, сонымен қатар пайдаланылған телефондарды сатып алуға болады. Сондықтан ұялы телефон сатып алу ешқандай қиындықтар туғызбайды.

Дегенмен, ұялы телефондардың адам денсаулығына, жүрек-қан тамыр жүйесіне, иммундық жүйеге және сатып алушыларға да, жеткізушілерге де (сатушыларға) арналған ұялы телефондардағы электромагниттік өрістерден микротолқынды сәулеленудің зиянды әсерлерінің қауіпсіздігі туралы жеткізушілер де (сатушылар) сатып алушылар да ойламайды.

Кеден органының және өнімді сертификаттау мемлекеттік қадағалау органының бірлескен тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының аумағына заңдық тұрғыда баратын барлық өнімдер келесі қажетті міндетті талаптарға сәйкестігін растау үшін уақытша сақтау қоймаларына енгізіледі. Ұялы байланыс құралдарының міндетті талаптарына сәйкестігін растау, соның ішінде нормативтік құжаттамада белгіленген қауіпсіздігінің дәлелі сертификаттау болып табылады. Сертификаттау - ішкі нарықты ықтимал қауіпті, пайдалану үшін жарамсыз өнімдерден қорғау қажеттігіне байланысты пайда болды.

Қазақстан Республика Үкіметінің 2005 жылдың 20 сәуірден № 367 қаулысымен бекітілген міндетті сертификаттауға жататын өнімнің тізбесіне сәйкес магистральдық, ұялы және радиобайланыс жүйелерін жіберетін байланыс құралдары, міндетті сертификаттауға жатады. Сондықтан ұялы телефондардың барлық жеткізушілері (сатушылары) өз өнімдерін Қазақстан Республикасының белгіленген үлгіге сәйкестігі туралы сертификатпен растауы тиіс.

Сатып алушы ұялы телефонды сатып алу кезінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі сәйкестік сертификатын ұсынуды, сондай-ақ тауарлар туралы қажетті және жеткілікті ақпаратты талап етуге құқылы.

Өндіруші немесе жеткізуші тұтынушыға және (немесе) сатып алушыға (бұдан әрі - тұтынушыға) олардың дұрыс таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін сатуға ұсынылған тауарлар туралы уақтылы және сенімді ақпаратпен қамтамасыз етуге міндетті. Тауарлармен қамтамасыз етілген тұтынушыға ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде өңделеді, мәтіндер мен жазулар емле нормаларын ескеруі тиіс. Тұтынушының тұтынуы және өнімділік көрсеткіштері туралы адастырылмауы немесе алданбауы үшін ақпарат біржолата түсінікті, толық және сенімді болуы керек.

Комиссия бөлімінде ұялы телефонды сатып алсаңыз, төмендегілерді есте сақтауыңыз қажет:

Комиссияға тауарды қабылдау келісімшар жасалуы және төмендегідей жазбаша түрде жинақталуы тиіс

- келісім шарт нөмірі және оны құру мерзімі,

- екі жақтың реквизиті және атауы (мекен-жай, есептеу шоты, комиссионер, төлқұжат немесе басты тұлғаның жеке басын куәландыратын басқа құжаттың деректері)

- тауар атауы,

- пайдаланылған тауарлардың тозу дәрежесі,

- тауар бағасы, (комиссионер мен комитент келісімі бойынша анықталады)

- комиссиялық сыйақы мөлшері мен тәртібі.

Комиссияға қабылданған тауарлар демалыс күндері мен мереке күндерін қоспағанда, келіп түскен күннен кешіктірмей сатылады.

Кепілдік мерзімі бар ұялы телефондарын сатқан кезде, егер ол мерзімі өтіп кетпесе, сатып алушыға кепілдіктің қалған кезеңін пайдалану мүмкіндігін растайтын сервистік кітапша немесе оны алмастыратын басқа құжат беріледі .

Кемшіліктері коммисионермен ескертілмеген сапасыз тауарды сатып алған жағдайда, сатып алушы өз қалауы бойынша талап етуге құқылы:

- сатып алу бағасын қайта есептеу негізінде, бірдей өнімді басқа маркалы (модель) өнімге ауыстыру

- сатып алу бағасын шамалы төмендету,

- өнімнің кемшіліктерін ақысыз жылдам жою.

Қазақстан Республикасы «Техникалық реттеу туралы» Заңының талаптарын бұзу нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін ұялы телефондарды сату кезінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 317-бабының 1-тармағының 4 тармақшасына сәйкес, «сәйкестік сертификатынсыз міндетті сертификаттауға жататын өнімді сату, сондай-ақ оны жасандылық, қолданылу мерзімі аяқталған немесе қолданылу мерзімін тоқтата тұру кезінде айыппұл салынады.

Құрметті тұтынушылар (сатып алушылар), өнімді сатып алу кезінде абай болыңыз және өз құқықтарыңызды ұмытпаңыздар.

Жандинова Айгерим Искинеевна

ҚР ИДМ ТРМК Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы Ақмола облысының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы

0
0
1227

Еще по теме

Ұялы байланыс телефондары туралы - Yvision.kz