ҰЯДА НЕ КӨРСЕҢ, ҰШҚАНДА СОНЫ ІЛЕРСІҢ
Арқасында басын пәктіктің пердесімен жапқан алып Алатауы орналасқан, айналасында аялай отырғызылған ағаштары бар біздің сүйікті университетіміздің Ректораты еңсесін тігінен ұстанып бой түзеген.
Қала ішінен қала салынған бұл білім ордасының аумағы да алып елді мекен 40 гектарды құрайды. Әр студенті тұрақты тұрғындары. Өзінің жеке емханасы бар. «Кереметте» керектінің барлығы дерлік орналасқан. Шаштараз, банк сервистері, тамақтандыратын орталығы барлығы қолайландырып орналастырғандықтан қиындықсыз білім алуына зор мүмкіндік бар. Негізінен 14 факультеттің әр қайсысыда жатақханамен толық қамтамасыз етілген. Студенттік өмірінің әр күндерің көңілді өткізуге үмітті барлық түлектер үшін армандардың асқағы. Ең алғашқы күннен бастап бастан кешіретін қызықтар қатары шексіз болатыны сөзсіз. КазГУГРАД-та өткен 4 жылдың әр мезгілі қай студент болмасын естеліктерінің ескерусіз бөлшегінде қалмайды. Себебі білім беру саласында оқытушы-профессорлардың саны 2500-нан асады, 400 ғылым докторларының орны бөлек. Оған қоса осыннан табатын өмірлік серіктерің болатын достарыңның орны мәңгілік. Бүкіл еліміздегі жоғарғы оқу орындарының қара шаңырағы болып саналатын ҚазҰУ-дың мәртебесін бұл күндері түлектері жер шарының барлық нүктелерінде көтеріп жүр. Елбасымыздың жастарға деген сенімі арқасында жасалынып жатқан жұмыстарының еңбектері бүгінгі- жастар. Қай факультет болмасын жыл сайынғы түсетін студенттері өздерінше дарын, өздерінше талант. Өсер елдің өрен ұрпағының бойындағы батылдық сезімдері «жалған патриоттылыққа» айналмауы үшін құр ұрандамай соны өз еңбектерімен дәлелдеп отырған түлектер жыл сайын ғылымның әр тұтқасына иегер болып отыр. Соның бірі Философия және саясаттану факультеті.
Философия және саясаттану факультеті - Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша білім беретін басты орталықтардың бірі болып табылады. Бұл факультет жайында бірі білсе біре біле бермейді. Факультеттің кәсіби тұрғыда қалыптасуы университеттік білім мен мәдениеттің, қазақстандық философия, мәдениеттану, дінтану әлеуметтану, психология, педагогика, саясаттану ғылымдарының дамуымен бірге жалғасуда. Өзінің қалыптасу барысында факультет қоғамдық өмірдің барлық салалары үшін жоғарғы кәсіби деңгейдегі мамандарды дайындауда. Олар еліміздің әр аймақтарында жемісті жұмыстар атқаруда. Мұның өзі саналы еңбек пен сапалы білімнің нәтижесі десек қате айтқанымыз емес. Әр студенттің біліміне тәжірибесіне зор мән беретін тәлімгерлер құрамы да докторлар мен профессорлардан тұрады. Негізінен факультет 6 кафедрадан құралған. Олар: Философия кафедрасы, Саясаттану және технологиялар кафедрасы, Педагогика кафедрасы, Психология кафедрасы, Әлеуметтану және Дінтану кафедрасы. Әр кафедрада білікті мамандар жұмыс атқарады. Соның ішінде Университетпен қатар құрылып алғашында филология факультетінің құрамында кейіннен философия факультетіне ауысқан психология кафедрасы жайында сөз қозғамақпыз.
Адам әлемдегі ең айқын әрі ең түсініксіз жаратылыс болып табылады. Оның ойын, мінезін, түйсігін зерттей келе қоғамның бағасын шығаруға болады. Шыр етіп өмірге келгеннен кейінгі оның қалыптасуында түрлі кезеңдерден тұратыны анық.. Соларды жастайынан не жоғарғы оқу орындарында дамыту мақсатында психология мамандары дайындалады. Олардың жұмысы қаншалықты қиын болса қойылар талабы мен артылар үміті соншалық ауыр. Себебі адамға әсер етіп не оны жақсылыққа не жамадыққа итермелеу көп кездесетін жағдай. Ал оны тек жақсы бағыттарға бағыттау үшін орасан зор еңбек, елеусіз кетер жылдар қажет болмақ. Осындай ауыр жолды таңдау жауапкершілікті, адами жақсылықты көп керек етеді. Көп жылдар бойына педагогика саласына көмекші болып келген психология бұл күндері өз алдына жеке сала ретінде қоғам қажеттіліктерін өтеу үстінде. Бұл дегеніміз еш кетпеген еңбектер мен қажырлы жұмыстың нәтижесі. Осы мақсатта жыл сайын кафедра қабырғасына жас түлектер келіп білікті маман болу жолына талпынып, білім бұлағынан сусындайды. Жыл сайынғы түлектеріміз қоғамға өз пайдасын тигізу жолында жұмыс істейді және де бұл дағды алдағы уақыттарда да өзгермейді.Себебі университетіміз әлем алыптарының білім ордасымен иық теңестірер дәрежеде. Терезесі тең, керегесі кең. 85 жылдық тарихтың қойнауындағы әр сыр өзінде ерек, өзінше дара. Себебі ол тарихты кешегі студенттер жазғын. Бұл студенттердің әрқайсысы кең байтақ қазақ даласының әр түкпірінен қарапайым мектептің партасынан келген. Енді білімнің мөлдір бұлағынан еңселерін керіп, шөлін қандыруда. Олар бүгінгі балапан болса, ертеңгі қырандар да солар. Ұядан көрген тәлімдері ұшқанда қанатарын демеріне сенімдіміз!
