Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Я ИДУ НА ПОБЕГ ИЗ АУЛА, А ВЫ?!

Ауылдан қашу: махаббат операциясы шығатынын естіген соң, мен бұл фильмге міндетті түрде барамын деп шештім.

Прямая ссылка на встроенное изображение

Актер, режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбаевтың туындысын 26 қарашадан бастап еліміздің кинотеатрларынан көруге болады.

Екінші бөлімде басты рольдерді Нұртас Адамбаев пен Аружан Жазылбекова ойнайды. Сонымен қатар, фильмге Дінмұхамед Ахимов, Әлішер Өрікбаев, Жан Ізбасар, Әлішер Өрікбав, Айнур Ілиясова, Бауыржан Орда, Максим Акбаров, Бахтияр Қожа түсті. Айта кетейік, фильмнің алдын ала көрсетілімін 600 қонақ, актерлер мен тілшілер 4 кинозалдан көрді. Төрт зал да адамдарға лық толды.

Продюсердің айтуынша, адалдық, достық, махаббат пен ақша туралы фильм 18 күннің ішінде түсіріліп біткен. "Шынымды айтсам, фильмді біз 22 ауысымда түсірдік. Аружан Жазылбекова алаңда көп жұмыс істеп жатқанымызды үнемі еске салып тұрды. Дегенмен жұмысымыздың әр сағатында пайдалы дүниелердің коэффициенті жоғары болуын қатты қадағаладық. Себебі біз фильмді мемлекеттің емес, өз қаражатымызға түсірдік", - деді картина режиссері Нұртас Адамбаев.

Келін Сабинаны еске түсірсек, бұл шығарылымға Адамбаевтың 300 мың доллар  қаражаты жұмсалса, прокаттан соң нәтижесінде Нұртастың тобы 2,5 млн көлемінде ақша жинап, қазақ кинематографындағы ең кассалық фильмі атанды.

Енді оқиғаның желісіне келетін болсақ, фильмнің шарықтау шегі көрілмендерді таңқалдырады. Сапалы комедия, кей жерлерінде драмаға да айналады.

Қорытындылай келе, егер сіз жеңіл әрі арманшыл фильмдерді қолдасаңыз, менің ойымша бұл комедияны м міндетті түрде көру керексіз! Бұл менің ойымша қазақстандық кинематографында көп кездесе бермейтін ең сапалы өнімдердің бірі!

10/10 бүгінге менің бағам.



2
0
1677

Еще по теме

Я ИДУ НА ПОБЕГ ИЗ АУЛА, А ВЫ?! - Yvision.kz