Үй салу 2
27 қараша, 2012-да алдым жобаны. Сонымен екі ай жасады жобаны, ал берген кезде екі күнде жасаймын деді.
Енді басқа қызметтермен келустіру керек. Айтқан тізімі осындай және оларға төлеу керек сомалары:
Акт посадки - жергілікті сәулетші, 15 000 теңге,
жерсілкініс сараптама - 60 000 теңге,
Автор қадағалауі - 25 000 теңге,
Мердігермен келісім керек - 60 000 теңге,
тех.қадағалау келісім - 60 000 теңге,
АПЗ - 50 000 теңге.
Жалпы сомасы - 270 000 теңге.
Жауаптар:
Жобаны бұл жерде көрсету мүмкін емес, ол қағаз түрде ғана. Және қолымда да жоқ. Егер көрем десен қолыма түскенде келіп көруге болады.
Әрине мердігермен келісім тек рұқсат алу үшін. Ол "левый".
Сол жерде "жүгірмектер" жүрген. Олар 30 мың теңгеге жасап береміз деді бәрін. Соларға беріп қойдым.
