Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҰЙЫМДАРЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы іс-қимыл жасау жұмыстарына байланысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департменті мен «Халықаралық құқыққорғау орталығы» бірлесіп Алматы қаласы «Мемлекеттік кіріс депратаментінде» семинар-кеңес өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин іс-шарағы қатысушылардың назарын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарына аударды. Және ҚР-ның 2015-2025 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының мақсатты көрсеткіштерін толықтай түсіндіре келе, қоғамның сенімін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарылатуға, халық пен кәсіпкерлер үшін қолжетімділік қағидатын ұстануға шақырды. Халықтың құқықтық мәдениетін көтеру үшін жұртты мемлекеттік органдардың мемлекеттік Стандарттармен таныстыру қажеттілігін айтты. Мұндай шаралар мемлекеттіміздің халықаралық қоғамдастығы арасындағы дәрежесін көтере отырып, жемқорлыққа қарысы әрекеттер қабылдау индексінде «Transparency international» Қазақстанның беделін жоғарлатып, мемлекеттік органдарға халық сенімін арттыра түсетіндігін білдірді.

«Халықаралық құқық қорғау Орталығының» басшысы Жәнділда Жакыпов мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы жемқорлықтық қылмыс және жемқлолықпен құқық бұзышылық жасау –  әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылу жауапкершілігіне әкелетіндігі туралы хабарлады. Ал Алматы қаласы, Алмалы ауданының соты Алма Әбдіхалыкова осы жылдың 1 қаңтарынан бастап жемқорлықпен жасалған ауыр қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қатері туралы қылмыстық Кодекстің заңы күшіне енгені туралы айтты. Сондай-ақ, судьялық тәжірибедегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты істерді қарау туралы хабарлап өтті.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Алматы қаласы бойынша басқармасының прокуроры Әсел Әбдікәрімова өз баяндамасында Қазақстанда сыбайлас жемқорлық тікелей ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатер ретінде бағаланып, сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты дәрежесіне шығарылғандығы,  сонымен қатар, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында сыбайлас жемқорлық сияқты жағымсыз құбылыстың алдын алуға назар аударыла бастағаны туралы баяндады.

Семинар-кеңеске Алматы қаласының мемлекеттік кіріс Департаментінің басшылары мен қызметкерлері, «Халықаралық құқық қорғау ортылығы» қоғамдық ұйымының өкілдері, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Көмитеттің Алматы қаласы бойынша басқармасының, сондай-ақ қалалық прокуратураның, Алмалы ауданы бойынша прокуратура мен сотының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында жиынға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы жадынамалар таратылып, бейне роликтер көрсетілді.

 
0
0
724

Еще по теме

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҰЙЫМДАРЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ - Yvision.kz