Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

XXXVІІ сайлау конференциясы

2022 жылдың 29 сәуір күні «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының кезектен тыс XXXVІІ сайлау конференциясы онлайн форматында өтті. Конференция жұмысына «AMANAT» партиясының аудандық Саяси кеңесінің мүшелері, ауылдық округі әкімдері, мекеме-ұйым басшылары, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты. Конференция отырысын филиал төрағасы, аудан әкімі Азамат Сафималиев төрағалық етті. Күн тәртібінде Жәнібек ауданы бойынша Борсы ауылдық округіндегі әкім сайлауына «AMANAT» партиясынан кандидаттарды ұсыну мәселесі қаралды. Конференцияда күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралып, делегаттардың дауыс беру арқылы алдағы болатын сайлауға қатысу үшін Борсы ауылдық округі әкіміне Бақтығалиев Зинхар Махметденұлы кандидатурасы «AMANAT» партиясының атынан ұсынылды, тиісті қаулы қабылданды.

0
0
195

Еще по теме

XXXVІІ сайлау конференциясы - Yvision.kz