Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

XXXVІ сайлау конференциясы онлайн форматында

2021 жылдың 04 қараша күні «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының кезектен тыс XXXVІ сайлау конференциясы онлайн форматында өтті.Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясының аудандық Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы, ауылдық округ әкімдері, мекеме-ұйым басшылары, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты. Конференция отырысын филиал төрағасының бірінші орынбасары Б.Куаналиев төрағалық етті. Күн тәртібінде Жәнібек ауданы бойынша Күйгенкөл ауылдық округ әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқталуына байланысты Күйгенкөл ауылдық округіндегі әкім сайлауына «Nur Otan» партиясынан кандидаттарды ұсыну мәселесі қаралды. Конференцияда күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралып, делегаттардың дауыс беру арқылы алдағы болатын сайлауға қатысу үшін Күйгенкөл ауылдық округ әкіміне Тарғынов Саят Бауыржанұлы кандидатурасы «Nur Otan» партиясының атынан ұсынылды, тиісті қаулы қабылданды.

0
0
123

Еще по теме

XXXVІ сайлау конференциясы онлайн форматында - Yvision.kz