Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

XXXІХ сайлау конференциясы

2022 жылдың 27 шілде күні «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының кезектен тыс XXXІХ сайлау конференциясы онлайн форматында өтті.Конференция жұмысына «AMANAT» партиясының аудандық Саяси кеңесінің мүшелері, ауылдық округ әкімдері, мекеме-ұйым басшылары, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты. Конференция отырысын филиал төрағасы, аудан әкімі Азамат Сафималиев төрағалық етті. Күн тәртібінде Жәнібек ауданы бойынша Тау ауылдық округіндегі әкім сайлауына «AMANAT» партиясынан кандидаттарды ұсыну мәселесі қаралды. Конференцияда күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралып, делегаттардың дауыс беру арқылы алдағы болатын сайлауға қатысу үшін Тау ауылдық округ әкіміне Еркеғұлов Кенжебек Чапайұлы кандидатурасы «AMANAT» партиясының атынан ұсынылды, тиісті қаулы қабылданды.

0
0
180

Еще по теме

XXXІХ сайлау конференциясы - Yvision.kz