Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«WORLDSKILLS ABU DHABI-2017» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

19 қазан күні «WorldSkills Abu Dhabi-2017» әлемдік жастар біріншілігінің жабылу салтанаты өтті. Бұл жарыс жастар арасында мерчандайзингтен слесарьға дейінгі түрлі кәсіби мамандықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.

Қазақстан командасы «WorldSkills Abu Dhabi-2017» сайысына қатысқан 56 елдің ішінен 24-орын алды. Біздің ел жастарының медаль алмағанына қарамастан, көрсеткіштерінде ілгерілеушілік бар. 2015 жылғы Сан-Паулуда өткен чемпионатта командамыз 74 елдің ішінде 54-орында болса, 2016 жылы EuroSkills кезінде 28-орынды қанағат еткенбіз.

Жарыс 51 біліктілік бойынша өтіп, барлық жұмысшы мамандықтарын қамтыды. Олардың арасында құрылыс, машина жасау, көлік және логистика, роботтандырылған техника, өндіріс технологиясы секілді көптеген мамандық иелері бар. Қазақстанның Ұлттық құрамасы 23 біліктілік түрі бойынша ел намысын қорғады. Атап айтқанда: визуалды мерчендайзинг, графикалық дизайн, киім дизайны, инженерлі графика, кірпіш қалау, бояу мен сәндеу жұмыстары, мехатроника, жүк көліктеріне қызмет көрсету, жеңіл көліктерге қызмет көрсету, мұздатқыш және желдету техникаларына қызмет көрсету, шаштараз өнері, наубай ісі, мейрамхана сервисі, сантехника мен жылу беру, дәнекерлеу технологиялары, желілік және жүйелік басқару,құрғақ құрылыс пен сылақшылық, бетон технологиясы, электроника, веб-дизайн, флористика, электромонтаж жұмыстары, слесарлық.

Бұл кең ауқымды шараға 1300-ден астам жас маман, 1000 ерікті және 100 мың көрермен куә болды. WorldSkills барысында жарысқа қатысушы әр жас үлкен аудитория алдында өзінің не білетінін көрсетіп қана қоймай, білім, білік, кәсіби даму бойынша өз саласының майталмандарынан кеңес те алады. Бұл сапардың құндылығы да осында.

Біздің команданың ең үздік ойыншыларының бірі - Евгений Смирнов. Ол «Құрғақ құрылыс және сылақшылық» бөлімінде өнер көрсетіп, 692 балл алды. Бұл жетістігі оның «Бэст оф нэйшн» номинациясына ілігуіне мүмкіндік берді. Сондай-ақ жақсы көрсеткішке ие болған басқа да шеберлер бар. Мысалы, Александр Давыдов «Веб-дизайн» мамандығы бойынша 669 балл алса, Тілектес Алкувадова «Наубай ісі» саласы бойынша 661 балл алды.

«WorldSkills Abu Dhabi-2017» жеңімпаздары:
Қытай — жалпы рейтинг бойынша 1-орын, 30 медаль (15 алтын, 7 күміс және 8 қола);
Корея — 2-орын (24 медаль);
Швейцария — 3-орын, (20 медаль).

Қатысқандардың толық тізімі мен олар көрсеткен нәтижемен мына сілтеме бойынша өтіп танысуға болады:
https://api.worldskills.org/resources/download/…/9559/10476…

«WorldSkills Competition-2019» 45-ші әлем чемпионаты 2019 жылы 29 тамыз бен 3 қыркүйек арасында Ресейде өтеді. Бұл шешім 2015 жылы байқаудың бас ассамблеясында қабылданған болатын. Ол кезде Сан-Паулуда өткен байқауда біріншілік өткізу құқығын Париж бен Бельгияның Шарлеруасынан Казань қаласы жеңіп алған еді. Байқауға әлемнің алпыстан астам елінен 1500 қатысушы келеді деп болжанған.

0
0
921

Еще по теме

«WORLDSKILLS ABU DHABI-2017» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ - Yvision.kz