Встреча кандидатов в депутаты Чингирлауского районного маслихата с работниками ИП Намиева
23.12.2020ж. Бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер С.Байтенова, А.Камзаева, С.Казиев "Намиева" жеке кәсіпкерлігі қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.«Nur Otan» партиясы ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады.Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасау.Шағын және орта бизнесті дамыту өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. Алайда коронавирустық пандемия бизнестің экономикалық белсенділігінің айтарлықтай төмендеуіне әкелді.
Сондықтан «Nur Otan» партиясы аудандағы іскерлік белсенділікті жандандыруға, мемлекеттік қолдау мен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлік Палатасымен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын пайдалана отырып, Шағын Орта Бизнестің жаңа кәсіпорындарын құруға көмектеседі.#NurOtan #NurOtanДауысБер
#BizBirgemiz
