Вопрос и ответ Президента РК 2007 год
Сұрақ
|
Қаңат Сая , 35-60 , Қызметкерлер |
|
Сұрақ нөмірі - 5639 Қабылданды - 06.06.07 Дауыс бергендер - 0 |
Жауабы:
|
Қазақстанда жердің көптеген категориясы сатылмайды, өйткені мемлекеттік меншікте. Азаматтардың жеке меншігінде шаруа (фермер) қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, орман өсіру, бағбандық, жеке үй құрылысы және саяжай құрылысы үшін, сондай-ақ үйлерді (құрылыстар, ғимараттарды) қызмет көрсететін жерімен бірге, өндірістік және өндірістік емес (оның ішінде тұрғын үйлер мен кешендерді салуға берілген) жер учаскелері жеке меншікте болуы мүмкін. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер де жеке меншікке белгіленген тәртіппен жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншікке берілуі заңда қарастырылған. 2007 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша жеке меншікке барлығы 692,4 мың га жер учаскелері берілген. Бұл еліміздің жер қорының 0,25 % құрайды. Сондықтан еліміздің байлығы орнында деп ойлаймыз. Тек жерді дұрыс пайдалануда және қорғауда елдің бар азаматы ерекше саналық көрсетсе, біз қасиетті жерімізді келесі ұрпаққа жақсы қалпында қалдыруға мүмкіндік бар деп ойлаймын. |
