ВОЛЕЙБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ
2019 жылдың 10 тамыз күні Орал қаласының «Арман» спорт кешенінде құқық қорғау органдары мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қызметкерлері арасында облыстық спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің басшысы Р.Ақмырзаев, Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің бастығы М.Аблазимов, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары А.Досжанов, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ә.Аманбаева және құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты. Облыстық спартакиада ү.ж. 10 тамыз – 7 қыркүйек күндері аралығында Орал қаласында өткізіледі.
Облыстық спартакиаданың негізгі мақсаты құқық қорғау органдарының қызметкерлерін спортпен жүйелі шұғылдануға бағыттау, бұқаралық спортты насихаттау және құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында іскерлік байланысты нығайту.
