Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Википедиядағы қазақша мақала саны 100 000-нан асты

Алақай! 

Әрине, бөрікті аспанға атуға әлі ертерек. Дегенмен, алар асуларды бажайлай отырып, қазіргі жетіп үлгерген жетістігіміз туралы да бөлісуді жөн санадық.

2011 жылдың 2-қарашасы, сағат 10.30-да Алматы қаласындағы Қазақстандық Баспасөз Клубында (Самал-2 ықшамауданы, 58 үй, «СӘТТI» бизнесорталағы, 7-қабат) "Қазақша Википедия” жобасына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Баспасөз мәслихатына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, "Қазконтент” АҚ-мы басқарма төрағасының орынбасары Владимир Тутыкин,"Қазақ энциклопедиясы” редакциясының басшысы Бауыржан Жақып, «WikiBilim” қоғамдық қорының құрылтайшысы Рауан Кенжеханұлы және жобаға демеуші компаниялардың өкілдірі қатасады.

Бәріміз бірге атсалысайық, қызығушылық танытқандарды күтеміз!

5
1
583

Еще по теме