Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ САРАПТАМА САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ»

2017 жылдың 22 қараша күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасымен бекітілген қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі 2017 жылға арналған кешенді жоспары аясында Сырым ауданы, Жымпиты ауылында «Ветеринарлық-санитарлық сараптама саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» атты ауданаралық дөңгелек үстел өтті.

Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұлов, Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес меңгерушісі А.С.Жұбаныш, Сырым ауданының әкімі Т.С.Төреғалиев, Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының басшысы С.Б.Нұрмағанбетов, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі БҚО филиалының өкілі Ә.Н.Баяхов және Сырым, Бөрлі, Қаратөбе, Теректі, Шыңғырлау аудандарының ветеринариялық бөлімдері, ветеринариялық станциялар мен лабораторияларының басшылары,ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы мен Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  жолдауының басым бағыттарын түсіндірді.

Кездесу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне роликтер көрсетіліп, қатысушылардың тақырып бойынша көкейдегі сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

 
0
0
314

Еще по теме