Перейти к содержимому
Обложка сообщества Закон  и порядок

Верховный Суд поручил тщательнее проверять факты получения ТМЗ от неблагонадежных поставщиков

ПОСТАНОВЛЕНИЕ ВС РК на государственном языке, перевод ниже

27 қантар 2022 жыл Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші судья - сот алқасының төрағасы С.Ү. Баймаханов,

судьялар Е.Ж. Өміралиев, Д.А. Токмурзина болып, талап қоюшы «T-Qazaq Group» ЖШС-нің өкілі Ж. Дүйсеновтің, жауапкер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің өкілі А. Бекасылдың қатысуларымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында мобильді бейне-конференц байланыс құрылғысы арқылы талап қоюшы «T-Qazaq Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – «T-Qazaq Group» ЖШС-гі) жауапкер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-не (бұдан әрі – Басқарма) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға дау айту туралы талап қою арызымен қозғалған әкімшілік іс бойынша қабылданған Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 20 тамыздағы шешіміне және Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 3 желтоқсандағы қаулысына талап қоюшы «T-Qazaq Group» ЖШС-нің келтірген өтінішхатымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:

«T-Qazaq Group» ЖШС-гі сотқа талап қою арызымен жүгініп, онда Басқармамен 2021 жылғы 10 маусымдағы №5904Q7800028 камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы

хабарламаны (бұдан әрі – Хабарлама) заңсыз деп танып, күшін жоюды сұраған.

Талабын «Шымторгсервис» және «Motors» ЖШС-мен іс жүзінде мәмілелер орындалғанын және ақысы төленгенімен негіздеген. Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 3 желтоқсандағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 20 тамыздағы шешімімен талап қою арыз қанағаттандырудан бас тартылған.

«T-Qazaq Group» ЖШС-гі кассациялық шағымында істі қарау барысында зерттелген дәлелдемелерге дұрыс баға бермегенін, материалдық_құқық нормаларының дұрыс қолданылмағанын көрсетіп, дау айтылған сот актілерінің күшін жойып, іс бойынша талап арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұрайды.

Жауапкер қарсы пікірінде кассациялық шағыммен келіспей, сот актілерін күшінде қалдыруды сұраған.

Сот алқасы талап қоюшы «T-Qazaq Group» ЖШС-нің өкілі Ж. Дүйсеновтің кассациялық шағымды, жауапкер Басқарманың өкілі А. Бекасылдың қарсы пікірді қолдаған түсініктемелерін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, дау айтылған сот актілерінің күші төмендегі негіздерге байланысты жойылуға жатады деген қорытындыға келді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169 бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады. АПК-нің 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады. Аталған істе осындай негіздер бар. Істің мән-жайларына қарағанда, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының (бұдан әрі – МАЭС) 2020 жылғы 14 қазандағы шешімі негізінде «Шымторгсервис» ЖШС-нің 2020 жылғы 13 наурыздағы №1235-Е мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылған.

МАЭС-тің 2020 жылғы 10 қарашадағы шешімі негізінде «Motors» ЖШС-нің 2020 жылғы 5 ақпандағы №609-Е мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылған. Басқармамен «T-Qazaq Group» ЖШС-нің атына камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы Хабарлама берілген.

Аталған Хабарламада уәкілетті органмен Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 264-бабының 2-тармағына сәйкес, жабдықтаушы болып келетін «Шымторгсервис» ЖШС-нің және «Motors» ЖШС-нің сот шешімімен тіркеулері жарамсыз деп танылуына байланысты, мұндай өзара есеп-айырысулар бойынша шығындар шегерімге жатқызылмайтынын хабарлаған.

Бірінші сатыдағы сот, талап қою арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдағанда, Салық кодексінің 264-бабының 2-тармағына сүйенген. Осы баптың талаптарына сәйкес, сот тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің осындай салық төлеушіден іс жүзінде алынғанын анықтаған операцияларды қоспағанда, соттың заңды күшіне енген шешімімен анықталған, басшысы және (немесе) құрылтайшысы (қатысушысы) осындай заңды тұлғаны тіркеуге (қайта тіркеуге) және (немесе) оның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға қатысты болмайтын салық төлеушімен іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасалған операциялар бойынша шығыстар шегерімге жатпайтын шығындар болып табылады.

Заңды күшіне енген сот шешімімен тіркеулері жарамсыз деп танылған «Шымторгсервис» ЖШС-нің және «Motors» ЖШС-нің басшылары Е. Бурнина және С. Тажибаев, көрсетілген заңды тұлғаларды тіркеуге және олардың қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға қатысы жоқ екендігі анықталған. Соттың бұл шешімдерімен камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасы дұрыс ресімделгендігін куәландырады.

Ал, талап қоюшының жұмыс жасалғаны жөніндегі фотосуреттері жеткіліксіз дәлелдеме болып табылады деген бірінші сатыдағы соттың тұжырымымен аппеляциялық сот алқасы келіскен. Бірақ төменгі сатыдағы соттар іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымын дұрыс айқындамай талапты қанағаттандырусыз қалдыру жайлы ертерек қорытындыға келген. Салық кодексінің 96-бабының 1-тармағына сай, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша – анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса берiле отырып, камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама ресiмделедi.

Басқарма тарапынан талап қоюшы «T-Qazaq Group» ЖШС-не камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасы берілген. Хабарлама беруге заңды күшіне енген соттың шешімі негізінде тіркелуі жарамсыз деп танылған салық төлеуші бойынша 1 сәуір 2018 жыл және 31 наурыз 2021 жыл аралығындағы салықтық есеп беру бойынша шығындарды КТС/ЖТС бойынша шегерімге құқысыз жатқызу болып табылған.

Бұзушылық сомасы 6 060 714 теңге. Яғни, жауапкер Басқармамен талап қоюшы «T-Qazaq Group» ЖШС-нің атына камералдық бақылау хабарламаны жіберуге құқылы болған. Алайда, Салық төлеуші Салық кодексінің 96-бабының 5-тармағына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша сотқа шағым берілген жағдайларда салық төлеуші заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тіркелуі (қайта тіркелуі) жарамсыз деп танылған заңды тұлғадан және (немесе) дара кәсіпкерден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іс жүзінде алғанын сотта дәлелдеуге құқылы.

Талап қоюшы «T-Qazaq Group» ЖШС-гі істің бірінші сатыдағы сотта қаралған кезінде, «Шымторгсервис» ЖШС-мен және «Motors» ЖШС-мен жасалған тауарларды сатып алу туралы келісім-шарттарды, шотфактураларды, шетке беруге арналған жүкқұжат, банк есеп шотына ақша жолданғандығын растайтын түбіректер, фото сүреттерді ұсынған.

Алайда, жергілікті соттар осы дәлелдемелердің барлығын зерттемей және баға бермей, тек фотосуреттерге ғана баға берген.

ӘРПК-нің 8-бабының 1-ші және 2-ші тармақтарына сәйкес сот әкімшілік істі қарау кезінде объективтілік пен бейтараптықты сақтай отырып, әкімшілік іске қатысушылардың әрқайсысына олардың әкімшілік істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге құқықтарын іске асыруына тең мүмкіндік пен жағдайды қамтамасыз етуге міндетті.

Егер заңда тиісті мәселелерді соттың шешетіні көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен ақылға қонымдылық өлшемшарттарын негізге алып шешуге міндетті. ӘРПК-нің 16-бабына сәйкес судья белсенді рөлін атқару міндетті.

Осы қағидалар бойынша, соттар теқ қана Салық кодексінің 264-бабының 2-тармағына қарамай, осы кодектің 96-бабының 5-тармағын пайдалану керек

еді, яғни салықтөлеушінің дәлелдемелерін толық зерттеу керек еді.

Істі жаңадан қарағанда көрсетілген кемшіліктерді жойып, тараптардың ұсынған дәлеледемелерін толық зерттеп, оларға құқықтық баға беріп, анықталған мән-жайларға байланысты заңды шешім қабылдау қажет.

ӘРПК-нің 169-бабының 1-бөлігін және АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 5) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

ПОСТАНОВЛЕНИЕ ВС РК

27 января 2022 года в составе судебной коллегии по административным делам Верховного суда Республики Казахстан:

председательствующего судьи – председателя С.У.Баймаханова;

судьей Е.Ж.ӨміралиеваД.А.Токмурзина;

истца – представителя ТОО «T-Qazaq Group» Ж.Дүйсенова;

ответчика – Управления Госдоходов по Абайскому району Комитета госдоходов по городу Шымкенту Министерсва госдоходов РК;

с участием представителя РГП А.Бекасыла, рассмотрев административное письмо, поступившее вместе со спором от истца ТОО «T-Qazaq Group», принятое в здании Верховного Суда РК с применением системы связи мобильной видео-конференции (далее – ТОО «T-Qazaq Group») на истца «Управления госдоходов по Абайскому району Комитета госдоходов по городу Шымкенту Министерства финансов РК» далее РГП-ию (далее – Управление) вместе с прекращением дела, возбужденного по спору об устранении установленных нарушений камеральных наблюдений против решений Спциалирванного экономического суда города Шымкента от 20 августа 2021 года и рассмотрев административное дело, поступившего вместе с заявление-письмом истца ТОО «T-Qazaq Group» на постановление коллегии административного суда города Шымкента от 3 декабря 2021 года,

УСТАНОВИЛ:

ТОО «T-Qazaq Group» обратился в суд с жалобой о ликвидации результатов камерального наблюдения от 10 июня 2021 года №5904Q7800028 и признании не действительными сообщения Управления (бұдан әрі – Хабарлама), установившиеся нарушения.

Тебования «Шымторгсервис» и ТОО «Motors» на деле сведения выполнены и стоимость оплатой обосновано. Постановлением коллегии по административным делам городского суда Шымкента от 3 декабря 2021 года оставлено без изменения. Решением специализированного межрайонного административного суда города Шымкента от 20 августа 2021 года жалоба о данном требовании было отказано.

ТОО «T-Qazaq Group» в своей кассационной жалобе указывает, что в процессе рассмотрения дела не дана объективная оценка доказательствам, показав не верное использование материальных норм, просит лишить юридических сил актов, о которых велся спор и принять новое решение об удовлетворении иска.

Ответчик не согласился с кассационной жалобой и просил оставить судебные акты без изменения.

Судебная коллегия, выслушав кассационную жалобу истца, представителя ТОО «T-Qazaq Group» Ж. Дүйсенова, противоположные мнения представителя ответчика Управления А. Бекасыла, исследуя материалы дела пришли к выводу о том что, в связи с приведенными ниже аргументами пришли к выводу считать их подлежащим отмене.

В соответствии с статьей 169 Административно процедурно-процессуального кодекса (далее – АППК), если в статье не обозначены порядок определения кассационной жалобы, то он определяется принципами Гражданского процессуального кодекса (далее – ГПК). В соответствии с 5-частью статьи 438 ГПК, приведшие к вынесению незаконных актов, приведших к существенным материальных и процессуальных норм 427-статьи данного Кодекса является основанием к их отмене. В названном деле такие основания имеются. Рассматривая суть вопроса, на основании решения Специализированного межрайонного экономического суда города Шымкента (далее – СМЭС) на основании решения от 14 октября 2020 года государственная регистрация ТОО «Шымторгсервис» 13 октября 2020 года признана не действительной.

Решение СМЭС в основе решения от 10 ноября 2020 года приказ государственной регистрации ТОО «Motors» от 5 февраля 2020 года №609-Е признан недействительным. Направлено Уведомление Управлением на имя ТОО «T-Qazaq Group» об устранении нарушений, выявленных в результате в результате камерального контроля.

В указанном Уведомлении сообщено в соответствии с 2-пунктом 264-статьи кодекса «О налогах и других обязательных платежах в бюджет (далее – Налоговый кодекс), что в связи с признанием не действительными судебного решения о регистрации поставщиков ТОО «Шымторгсервис» и ТОО «Motors» такие взаимные расчеты по издержкам не относятся к ограничениям.

Когда суд первой инстанции принял решение об отказе жалобе опирался на 2-пункт 264-статьи Налогового кодекса. В соответствии с требованиями настоящей статьи суд не считая стоимость товаров, работ, оказанных услуг, установленного на деле, не считая расходов взятых от такого же налогоплательщика, подтвержденных решением суда, вступившим в законную силу, расходы, связанные с ним расходы не относятся к ограниченным расходам.

Вступившим в законную силу решением суда установлено, что руководители ТОО «Шымторгсервис» и ТОО «Motors» Е.Бурнина и С.Тажибаев не имеют отношения осуществления регистрации указанных юридических лиц и их финансово-хозяйственная деятельность. Об этом об объективном проведении действий, сообщений этих решений суда об устранении нарушений, установленных в результате камерального контроля и считают их верными (Соттың бұл шешімдерімен камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасы дұрыс ресімделгендігін куәландырады.)

Коллегия апелляционного суда дала согласилась с мнением о признании недостаточным докательств работ истца …, определенного судом первой стадии. Как указывается выше, было установлено, что установлен верно и полно характеризующие обстоятельства по существу дела. В соответствии с 1-пунктом статьи 96 Налогового кодекса налоговые органы могут дать окончательные заключения при уточнении нарушений результатов камеральных наблюдений, при представлении совместно ко всему и сведения о правонарушениях при высоких уровнях степени риска ...

С позиции Управления истец ТОО «T-Qazaq Group» представил пояснение об устранении нарушений, установленных по результатам камерального контроля. Основанием для представления Уведомление является незаконные ограничения, введенные законно в действия судебные решения, на основе которой, отненсенные к незаконным расходы КТС/ЖТС, представленные по налогоплательщику за период с 1 апреля 2018 года по марта 2021 года.

(Басқарма тарапынан талап қоюшы «T-Qazaq Group» ЖШС-не камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасы берілген. Хабарлама беруге заңды күшіне енген соттың шешімі негізінде тіркелуі жарамсыз деп танылған салық төлеуші бойынша 1 сәуір 2018 жыл және 31 наурыз 2021 жыл аралығындағы салықтық есеп беру бойынша шығындарды КТС/ЖТС бойынша шегерімге құқысыз жатқызу болып табылған)

Сумма нарушения составляет 6 060 714 теңге. Т.е. ответчик был в праве с Управлением отправить на имя ответчика «T-Qazaq Group» Уведомление камерального контроля. Однако, при подаче жалобы в суд Налогоплательщиком согласно 5-го пункта 96-ой статьи Налогового кодекса после судебного решения, вступившего в законную силу налогоплательщик в праве доказать на суде факт действительного получения у товаров, работ, оказанных услуг от юридических лиц, чья регистрация была признана недействительной вступившим в законную силу решением суда.

Истец ТОО «T-Qazaq Group» во время рассмотрения дела на первой стадии ТОО «Шымторгсервис» и ТОО «Motors» приложили договора на покупку, изготовленных товаров, предназначенные, сторонним организациям накладные, квитанции, подтверждающие о списании денег в счета банков.

Однако местные судебные органы не исследовав и не оценив эти доказательства полностью, оценили лишь фото (Алайда, жергілікті соттар осы дәлелдемелердің барлығын зерттемей және баға бермей, тек фотосуреттерге ғана баға берген).

В соответствии с пунктами 1-го 2-го пунктов статьи 8 АППК в процессе рассмотрения дела, соблюдая объективность и индивидуальность суд при рассмотрении административного дела обязаны обеспечить всех участников административного дела разносторонне и полностью исследовать суть административного дела по существу.

Если предусмотрены решение соответствующих вопросов судом, то суд обязан пользуясь справедливыми и разумными мерами вынести решение. В соответствии с статьей 16-стаьей АППК судья обязан выполнять активную роль.

В соответствии с этими принципами судьи не должны были ограничиться только пунктом 2 статьи 264, но должны были использовать пункт 5 статьи 96 данного кодекса, т.е. полностью использовать все доказательства и доводя

При рассмотрении дела вновь, необходимо принять законное решение, устраняя указанные недостатки, полно исследовав, представленные сторонами доказательства в связи выясненными обстоятельствами.

0
0
364

Еще по теме