Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

В ЗКО продолжают работу по выезду в отдаленные районы

БҚО-да шалғай аудандарға шығу жұмысын жалғастыруда

2015 жылдың 10 науразда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның міндеттері мен қызметтерін түсіндіру мақсатында Департамент басшылығы Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданына барды.

Аудан әкімдігінде аудан активінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Елбасының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауы мен 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның негізгі бағыттары және мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер жөнінде департамент басшысы Ә.Әшірбаев сөз алды. Ол Жолдау мен Стратегияда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың ынтымақтастығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру керек екендігін атап өтті. Жаңа Қылмыстық кодекс, оған енгізілген өзгерістер жөнінде мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш қатысушыларды ақпараттандырды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны талқылаудағы пікірталаста қызметтік ақпараттары жөнінде аудан прокурорының аға көмекшісі А.Тлеубаев, аудан әкімінің орынбасары-әкімдіктің бірыңғай тәртіптік кеңесінің төрағасы А.Сафималиев сөз алды.

Департамент басшысы Ә.Әшірбаевтің қабылдауында жеке сұрақтарымен ауданның ардагерлер Кеңесінің төрағасы мен аудандық әкімдіктің шаруашылық бөлімінің меңгерушісі микроаудандардағы жарық мәселесі, жалақыны көбейту мен техникалық қызметкерлерге сауықтыру жәрдемақыларын төлеу және т.б. сұрақтары бойынша өтініштерін айтты.

Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар Бөрлі техникалық колледжінде, Ақсай қаласының №5 жалпы білім беретін мектебінде және Бөрлі аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында өткізілді.  Колледждің педагогтық ұжымымен және мемлекеттік кірістер басқармасының мемлекеттік қызметкерлерімен кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы В.Масимова Департамент қызметінің негізгі басым-бағыттары, оның міндеттері мен функцияларыжөнінде және сыбайлас жемқорлықпен күресте қоғамның, соның ішінде жас ұрпақтың алатын орны ерекше екендігін айтып өтті.

Азаматтық құқықтарды тереңірек оқыту, жас ұрпақты зиялы адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу мақсатында Ақсай қаасының №5 мектебінде «Мен сиқыршы бола аламын ба?» ақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. 4 сынып оқушылары 4 топқа бөлініп, түрлі тапсырмаларды орындады. Сиқыршы кейпіне еніп, олар «сиқырлы таяқшамен» қатігез адамдарды мейірімді адамдарға айналдырып, тамақтары дайын дастарханмен аш адамдары тамақтандырды, ақша толған қазынаны балалар үйіне берді, «алтын балықтан» үйсіздерге пана сұрады. Сабақ сиқыршының, яғни ізгі істер жасайтын адамның бейнесін құрастырумен аяқталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы В.Масимова оқушыларға керемет сабақтары үшін алғысын айтып, сонан соң Департаменттің жұмыс тобы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.

В ЗКО продолжают работу по выезду в отдаленные районы

10 марта 2015 года в целях разъяснения основных положений, функций и задач Антикоррупционной стратегии был организован выезд руководства Департамента в Бурлинский район Западно-Казахстанской области.

В акимате района было проведено семинар-совещание с участием актива района. По основным направлениям  послания Главы государства «Нұрлы жол-путь в будущее» и Антикоррупционной стратегии на 2015-2025 годы и об изменениях в сфере государственной службы выступил  руководитель департамента А.Аширбаев, которым разъяснены задачи и цели, обозначенные Посланием и Стратегией, подчеркнул необходимость взаимодействия государственных органов и гражданского общества в противодействии коррупции, формирования антикоррупционного мировозрения.  О Новом Уголовном кодексе, о введенных изменениях проинформировал руководитель управления государственной службы и профилактики коррупции А.Жұбаныш.

В прениях по обсуждению Антикоррупционной стратегии и с информацией по вопросам деятельности выступили старший помощник прокурора района А.Тлеубаев, заместитель акима района - председатель единой дисциплинарной комиссии при акимате района А.Сафималиев.

На приеме граждан у руководителя Департамента А.Аширбаева по личным вопросам были председатель районного Совета ветеранов и заведующий хозяйственным отделом райакимата, которые обратились по вопросам освещения в микрорайонах, повышения зарплаты и выплаты пособия для оздоровления техническим работникам и т.д.

Антикоррупционные мероприятия были проведены в Бурлинском техническом колледже, в средней общеобразовательной школе №5 г.Аксай и в управлении государственных доходов по Бурлинскому району. На встрече с педагогическим коллективом колледжа и государственными служащими управления государственных доходов руководителем отдела антикоррупционного просвещения и взаимодействия с общественностью В.Масимовой были освещены вопросы деятельности Департамента, его задачи и функции, а также подчеркнута роль общества в противодействии коррупции, в том числе роль молодого поколения.

В целях углубленного изучения гражданских прав, воспитания молодого поколения в духе высших человеческих ценностей в школе №5 г.Аксай проведен воспитательный урок на тему: «Могу ли я стать волшебником?». Ученики 4 класса разделившись на 4 группы, выполняли разные задания. Став волшебниками, они «волшебной палочкой» превращали злых людей в добрых, «скатертью-самобранкой» накормили голодных, найденный денежный клад отдали детскому дому, у «золотой рыбки» попросили крова для бездомных. С интересом обсуждали разные ситуации из школьной жизни. Урок завершился составлением портрета волшебника, то есть человека, который делает добрые дела.

Руководитель отдела антикоррупционного просвещения и взаимодействия с общественностью В.Масимова поблагодарила детей за хорошый урок, после чего рабочая группа Департамента для ознакомления с работой посетила районный центр обслуживания населения.

 
0
0
561

Еще по теме