УЗНАЙ СВОЕГО КАНДИДАТА
Құрметті достар және әлеуметтік желідегі оқырмандарым! Алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясы атынан Жарма аудандық мәслихаты депутаттығына үміткер болып тіркелдім. Өзім журналистік салада жұмыс істегендіктен халықпен байланыс аса таңсық емес. Яғни, ауыл тұрғындарының тұрмысы мен тіршілігі, жергілікті жерлердегі мәселелермен жақсы таныспын десем де болады. Аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылым депутаты бола жүріп,«Nur Otan» партиясы Жарма аудандық филиалының депутаттық фракциясына жетекшілік еттім. Осы мерзім ішінде халықтың ұсыныстары мен тілектерін назарға алып, жұмыс қалыптастыра білдік. Ал бүгінгі сайлауға аудандық «Nur Otan» партиясы мүшелері уақытпен сараланған, салмақты сайлау алды бағдарламамен келіп отыр. Мұнда алдағы бес жыл ішінде өңірдегі барлық елді мекендердегі мәселелердің шешімін табу жұмыс жоспарын қамтиды. Егемен еліміздің кешегісі мен бүгінін байланыстырып,қоғам дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан «Nur Otan» партиясы бұл жолы да Тәуелсіз еліміздің үшінші онжылдығына бастайтын айқын жолды ұсынып отыр. Өңірді дамытудағы басым 7 бағыттағы тың бастамалар қоғамның барлық саласын қамтиды. Көзі қарықты көпшілік үлкен саяси науқанда дұрыс таңдау жасайтындығына сенімдімін.
