Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

УРАНҒА БАЙ УАНАС МЕКЕНІНДЕ

Созақ аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Әлжанов Ролан Ізбасарұлы Қыземшек кенті тұрғындарымен кездесу өткізді. Еліміздің уран өнеркәсібі әлемдегі алдыңғы орын алатынын ескерсек Қазақстан атом саласында созақтық кеніштердің үлес салмағы өте үлкен екендігі анық. Стратегиялық нысандар қатарындағы кендер шоғыры Батпақ-Дала төсінде орын тебуі де кездейсоқтық емес сықылды. "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыруға барған үміткерлерді Қыземшектік жерлестер жылы қабылдады. Байқағанымыз, елде атқарылған жұмыстарға қанық өндірісті өлке тұрғындары, алдағы жоспарлармен де таныс екен. Қолдады, қоштады, сенім артты.

0
0
169

Еще по теме