Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

УЕФА ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ додасының қызығы енді басталды.......

15-16 қаңтар күні Уефа Чемпиондар Лигасының 1/8 финал ойындары басталды. Әлемдік деңгейдегі клубтар арасындағы дүбірлі доп додасы енді қызықты кезеңдерге жетті деуге болады. ел чемпиондары өздерінің қадамын аңдап басып келеді.

Италия үкілеген Милан клубы Сан-Сиро алаңында күтпеген жерден ағылшындардың Тоттенхем клубына есе жіберіп қойды. Ойындағы жалғыз допты Питер Крауч соқты. Екінші ойында Валенсия атақты ардагер Рауль Гонсалес (бұрынғы "Реал Мадрид" ойыншысы) доп сүріп жүрген Шальке-04 клубынан асып түсе алмады.

Осы алдыңғы екі күндіктің ең орталық ойыны деп отырған Арсенал-Барселона ойыны күтілгендей қызық сәттерге толы болды. Соңы Арсен Венгердің шәкірттері өз алаңында көрермендеріне жеңіс сыйлады, сенсациялық жағдай туғызған Рома-Шахтер ойыны футбол жанкүйерлерін таң қалдырды. Соңғы уақыттар Украинаның белсенді клубы Еуропа алаңдарында барын салып келеді.

Алдыңғы аптада қалған төрт ойын өтеді, ең қызықты ойындар алдымызда деп сенеміз!

Марсель (Франция) - Манчестер Юнайтед (Англия)

Интер (Италия) - Бавария (Германия)

Копенгаген (Дания) - Челси (Англия)

Лион (Франция) - Реал (Мадрид, Испания)

 

0
1
1447

Еще по теме