ҚУАНА БІЛГЕНГЕ ҚҰТ ҚОНАДЫ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛГЕН ХАЛЫҚТЫҚ-КЕҢСЕ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАП КЕТТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында азаматтардың өтінішерін шұғыл және тиімді қарауға бағытталған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының маңыздылығын атап өткен болатын.
Бүгін Арыс қаласы әкімдігі жанынан Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Халықтық Кеңсе» өз жұмысын бастады.
Халықтық-кеңсенің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары М.Қарғабай, Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек, Арыс қалалық мәслихаты хатшысы А.Байтанаев және зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері санитарлық нормаларды сақтай отырып қатысты.
Халықтық кеңсенің ашудағы мақсат мемлекеттік органдардың азаматтар үшін қолжетімділігін арттыру, кедергісіз орта қалыптастыру, тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне, қоғамда парасаттылықты қалыптастыруға, әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешуге ерекше назар аудару болып табылады.
Енді қала тұрғындары бірнеше түрлі бөлімдердің есігін қақпай, «бір терезе» қағидаты бойынша әртүрлі қызметтерді бір жерден шешуге мүмкіндік алды.
Халықтық-кеңсенің ашық алаңында қала тұрғындары білім, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауылшаруашылық, экономика, кәсіпкерлік және басқа да әлеуметтік маңызды қызмет бағыттары бойынша мамандардан қызметтер мен кеңестер ала алады.
Кеңсе ыңғайлы күту орындарымен және қажетті кеңсе жабдықтарымен жабдықталған.
Халықтық кеңсе аптаның дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00 мен 19.00 аралығында қызмет көрсетеді. Түскі үзіліс 13.00-15.00 аралығы.
Жаңа форматта қызмет көрсететін сервистік жоба Арыс қалалық әкімдігі мен Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен бірге іске асырылды.
