Перейти к содержимому

Ұтымды инвестициялар!

2015 жылғы 8 қазан күні «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Алматы қаласында еліміздің жарнама нарығының негізгі басшылары мен менеджерлері қатысқан өзінің жарнамалық және демеушілік мүмкіншіліктерінің көрсетілімін өткізді. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы атынан: «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы - Нұржан Жалауқызы Мұхамеджанова, Басқарма төрағасының орынбасары - Данияр Маралұлы Нұрғазин, Корпорацияның коммерциялық қызмет директоры – Шолпан Әнуарбекқызы Бейсенбаева, Стратегиялық маркетинг департаментінің директоры – Евгений Леонидович Тищенко, «Kazsport» телеарнасының директоры – Павел Валерьевич Цыбулин және басқалары қатысты.

Еліміздің жарнама нарығының 250-ден астам өкілдері қатысқан кездесулер Royal Tulip Almaty және Grand Hotel Tien Shan қонақ үйлерінде өткізілді. Аталған кездесулер дастарқан басында, іс-шараға қатысушыларға барлық мәселелерді талқылауға мүмкіндік берген еркін әңгіме ретінде ұйымдастырылды.

Кездесу барысында тараптардың инвестициялық және басқа да салалардағы өзара әрекеттесуінің негізгі аспектілері талқыланды. Сондай-ақ, «Қазақстан» РТРК» АҚ және еліміздің жетекші жарнама агенттіктерінің өкілдері арасында бұдан бұрын жасасқан келісімдер және оларды орындау деңгейі қарастырылды.

«Қазақстан» РТРК» АҚ осы іс-шараның қатысушыларына алғыс білдіріп, достық келіссөздердің нәтижесі өзара тиімді, әрі табысты ынтымақтастықты нығайта түсетініне сенім білдіреді.

 
0
0
431

Еще по теме

Ұтымды инвестициялар! - Yvision.kz