Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТЫЛ ЖӘНЕ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Е.Жабаев, М.Ермаханбетова және Д.Қуашбай тыл еңбеккерлері және Ленгір қаласы ардагерлерімен партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Zoom платформасы арқылы кездесті.

Онлайн (online) кездесу барысында кандидаттар ардагерлер кеңесінің мүшелерімен танысып, олармен бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында жақын келешекке қойылған жоспарлар ортаға салынып, көзі қарақты қариялар әрқашан «Nur Otan» париясын қолдайтындарын жеткізді.

Өз кезегінде, кандидаттар Елбасының ауқымды жобалары мен бастамаларының, барлық маңызды қоғамдық іс-шаралардың аудан көлеміндегі белсенді қатысушылары болып табылатын белсенді ардагерлерге атқарып жатқан жұмыстары үшін ризашылығын білдірді.

3
0
170

Еще по теме

ТЫЛ ЖӘНЕ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ - Yvision.kz