ТЫҢДАЛМАҒАН СӨЗ САҒЫҢДЫ СЫНДЫРАДЫ
Адам баласына берілген баға жетпес құндылықтардың бірі-уақыт. Сол уақыт келер жылдың басында болғалы тұрған сайлаудың сын сағатын күннен-күнге жақындатқанда, осы сайлаушылардың мүдделерін білу мақсатындағы сайлауалды үгіт жұмыстарының тиімділігін еріксіз ойға аласын. Өйткені қысқа аралықта «Nur Otan» партиясы бағдарлама шеңберіндегі жұмыс барысын халыққа жеткізуді, әр үйдің тұрғынымен жеке-жеке кездесуді Мен секілді үміткерлерге міндеттеп, сараптама жасауға шақыруда. Ауылдардағы шешімін таппаған келелі мәселені саралау, әр азаматтың лайықты өмір сүруі үшін партия бағдарламасын толықтыруға қажет-ақ.

Күні кеше «Есіктен есікке» акциясы аясында Алғабас елдімекенінің Балауса көшесінің тұрғындарымен кездесу сәті түсті. Азаматтардың көңіліне қаяу салатын мәселелерде жоқ емес екен. Әсіресе ауылға кірер тұстағы көпірдің жағдайы мен электр бағаналарының сиқы көзі қарақтыны ойландырады. Дамыған заманда көшесі тегіс, жол жүру тратуары мен түнгі жарығы бар ауылда тұрғанға не жетсін дейді халық. Бұл мәселелрерді жергілікті атқарушы органдарға айтқандарын, өтініштерінің тыңдаусыз қалғанына налиды.
Тыңдалмаған сөз сағыңды сындырады демекші партия филиалының алдында Алғабас ауылының мәселесін шешу үшін алдағы жылдары жұмыс жасау қажеттігі байқалып тұрғандай.
Осындай кездесулерде халық үнін тыңдап, нәтижесін оң шешу жолында жұмыс жасау, біздің сайлауалды бағдарламамыздың басты міндеті екенін көпшілікке жеткіздім.
