Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«Тума талант»

2018 жылы 4 мамырда өнер бөлімінде ҚР Халық әртісі Н. Жантөриннің 90 жылдығына орай «Тума талант» киносағатына № 9 мектептің 8 сынып оқушылары қатысты. Заманымыздың ұлы өнерпазы, Қазақстанның халық артисі, кино мен театр өнерінің хас жұлдызы психологиялық рольдердің «шаппайбері», марқұм Нұрмұқан Жантөриннің даңқы дүние жүзіне мәлім екенін зор мақтанышпен айтылды. Экран мен сахнадан нешебір өміршең кейіпкерлердің өлмес нұсқасын ғажап шеберлікпен жасап, төл мәдениетіміздің, ұлттық намысымыздың туын аспанға көтерген аса көрнекті тұлға екенімен танысып, шара барысында Қазақфильм студиясында режиссер Дархан Әбдікұлының «Жантөрин - қазақ сахна өнерінің сапасы» атты деректі фильмінен үзінділер көрсетілді. Кездесу сонында Нұрмұқан Жантөрин туралы қазақ және орыс тілдеріндегі шыққан кітаптары қатысушылардың назарларына ұсынылды.

Костанайская ОДЮБ им. И. Алтынсарина#Алтынка библиотечная#ОДЮБ #

https://plus.google.com/u/0/photos/105444590971516272131/album/6552029300289828657?authkey=CN-k15HD2OfvigE

0
0
515

Еще по теме

«Тума талант» - Yvision.kz