Tugan elge tagzym/ Atyrau/ Kaziyev Ulukbek
Бүгін ТЕТтін 3-ші күні. Бүгін оқиғаға толы күн болды, себебі біз 2 өндіру зауытындарына бардық: біреуі полиэтилен материалдың өндіруімен, өнеркәсіптік қайта өңдеуімен айналысады және екінші құбырлардың клапандарын жасау. Осы жерде бізге каскалар берді, қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Маған “Chevron” компаниясының технологиялары өте ұнады. Шеврон Американың коммерциялық компаниясы, жұмысшыларды қажет құралдармен жабдықтайды. Полиэтилен зауытында 38 адам жұмыс істейді, ал Құбырлар зауытында 12. Бір жұмысшы айтқандай, оларға жақсы жұмыс үшін бонустар берді. Сосын біз сурет мұражайына келдік, ал осы жерде маған Махамбет туралы суреттер өте ұнады. Осыдан кейін біз тарихи-өлкетану мұражайына бардық. Осы мұражайда біз көп әдемі суреттер, жасандылар, бұйымдар көрдік. Мені екінші Алтын адам және мамонттың сүйектері таңғалдырды, себебі осы туралы мен ешқандай ақпарат білмедім. Осы музейдегі ГИД өте керемет талдайды.
Мектепке келіп, бізге ғалымдар кездесу кешінде өз өмір туралы айтып береді. Маған қалай Ардақ Ганибайқызы сөйлегені өте ұнады.
Жалпы осы күн маған өте ұнады.


