Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Tugan elge tagzym/ 6 day/ Kaziyev Ulukbek

Бүгінгі күні біз өте шаршадық, себебі жолда біз 11 сағат жүрдік. Бүгін біз Индер ауданынға бардық, осы жерден біз Махамбет Өтемісұлының мазарына барамыз деп ойладық. Шын айтқанда, жолдар өте жаман, қисық, Махамбет Өтемісұлының кұрметіне  қарамай жақсы жол жасалмапты. Жолдағы кедір-бұдырлықтармен байланысты біз көп сағат жүрдік. Екі жарым сағат жолда жүріп, мазарға жол таппай, адасып, Индерге қайттық. Осы Индерде орналасқан кафеде «Мереке» бізде түскі ас болды. Бізге борщ пен палау берді. Бірнеше минут біз бір адамды күтіп тұрдық. Осы күткен ағамыз, Махамбет Өтемісұлы мазарның орналасуын біледі. Біріншіден, біз Мала          сары бидің мазарына бардық. Мазардың қабырғаларында ақылды, дана сөздер жазылып тұрды. Осындай сөздер және ежелден сақталған мазар мені таңғалдырды. Осыдан кейін біз Махамбет Өтемісұлының мазарына бардық. Негізінде, ол дизайн бойынша Малайсары би мазарына ұқсас: жазбалар және мазардың формасы. Маған ол өте ұнады...

Біз тұзды көлге бардық, Атырау облысында осындай тұзды өзендер, көлдер көп. Біз осы жерде суретке түсіп, тұздың концентрациясын тексеріп жатакханаға қайттық.

Жатақханаға кешкі 11-де келіп, рақаттанып ұйықтадық.

 
0
0
309

Еще по теме

Tugan elge tagzym/ 6 day/ Kaziyev Ulukbek - Yvision.kz