Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Tugan elge tagzym/4 day/Kaziyev Ulukbek/Atyrau

Бүгінгі күніміз қызықты ТОО АНПЗ-дан басталды. Біз осы  мұнай өңдеу зауытының қасындағы мұражайына бардық. Осы мұражайда біз зауыттың жетістіктерін, зауыттың макетін, зауытқа берілген сыйлықтарды көрдік. Бізге зауытта жұмыс істейтін адамдар өз мамандығы және зауытта қалай мұнай өңдеумен айналысады туралы айтып берді. Маған экологтың жауаптары өте ұнады, себебі ол детальды түрінде талдады. Эколог қалай зауыттың атылуындары қаланың табиғатына әсер етеді, зауытта қандай тазалау технологиялар бар екенін туралы айтты. Осы зауыт әлемде ең үлкеннің бірі болып саналады. Біз ішіне кіреміз деп ойласақ, өкінішке орай бізді зауытқа кіргізбеді, себебі қауіпсіздік ережелерімен байланысты рұқсат бермейді екен.

Мектепке келіп, түскі асқа бардық. Осыдан кейін біз Атырау бекіре балық өсіру зауыты Еркінқала кентіне бардық. Осы жерде бекіренің шабықтарын өсіріп, Жайық өзеніне босатады. Осы жердегі бір ағай бізге бекірені судан шығарып, көрсетті. Осы зауыттта 78 адам жұмыс істейді және олар балықтарға жақсы табиғи жағдаймен жабдықтайды.

Сосын біз  Байзаар және Ардагер ойын-сауда орталықтарына бардық. Мен кәдесыйлар дүкеніне барып, бірнеше заттарды сатып алдым.  Атырау өз сауда орталықтарымен адамдарды келтіреді.

Мектепке келгенде  бізде Қаршыға Ахмедьяровтың, Фариза Оңғасарованың туыстарымен және Әлия Дәулетаевамен кездесу кеші  ұйымдастырылды. Біз оларға сұрақ қойып, олардың қызықты оқиғаларын мұқият тыңдап отырдық. Біз олардың визитіне өте риза болдық.

Қорытындыға келгенде, осы күн маған өте ұнады, себебі бүгін біз мұнай өңдеу, балық өсіру туралы көп ақпарат білдік.

 
0
0
345

Еще по теме

Tugan elge tagzym/4 day/Kaziyev Ulukbek/Atyrau - Yvision.kz