Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Tugan elge tagzym/4 day/Kaziyev Ulukbek

Бесінші күн

Бүгін біз Күлсары деген ауылға барамыз деп ойладық, бірақ біздің бағдарламазды өзгертті. Біз Атырау Мұнай және Газ университетіне бардық. Ол бұрыңғы жылда жазда университет титулын алды. Осы университет өз технологияларымен бай екен. Бір бөлмеде мұнайды әртүрлі фракцияларға бөлу деген машина бар. Ол зауыттағы жұмыс істейтін технологилардың мини макеті. Бізге виртуалды көзілдірік арқылы мұнайды соратын жабдықты көрсетті. Соңғы қабатта орналасқан Ұлы Отан Соғыстағы солдаттардың, жауынгерлердің өміріне арналған музейіне бардық. Музейдің қалауышысы – Вячеслав.В қалай осы музейдегі экспонаттарды жинағаны туралы бізге айтып берді. Көбінесе солдаттардың хаттары, суреттері және жасандылары болды. Маған осы адамның, Вячеслав.В-тың өткізген өмірі өте ұнады, себебі ол өзінің арманына жетіп, мәдениетті, жерді, әртүрлі отбасылардың тарихын көрді.

Университет өзі үлкен және кең. Бәріміз конференц залға студентермен және мұғалімдермен кездесу кешіне бардық. Осы Университеттегі студенттер өз жетістіктер туралы айтып берді. Олар Университеттегі бар түрлі клубтар, ұйымдар туралы нақты ақпарат берді. Мен үшін олардың дебат клубы қызықты болды.

Түскі астан кейін біз Атырау кітапханасына бардық. Осы кітапханада көп керекті кітаптар бар екен. Кітапханашы айтқандай, оларда философия, әдебиет жанрдағы кітаптар көп. Маған қалай басқа шетел жазушымен жазылған кітапты қазақ тіліне аударғаны ұнады. Бірақ маған бір нәрсе ұнамады – осы кітапханада ғалыммен, компьютерлік бағдарламалаумен байланысты кітаптар аз екен. Сол үшін бізге кітапханашы ғалым туралы қазақша тілінде көп жазыңдар деді. Сосын біз үшін кітапханашылар викторина ұйымдастырды. Викторина өте қызықты өтті, бірақ достық жеңді.

Мектепте келіп бізге спорт ойындарын ұйымдастырды: футбол, баскетбол, эстафета, волейбол.

 
0
0
278

Еще по теме

Tugan elge tagzym/4 day/Kaziyev Ulukbek - Yvision.kz