Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Tugan elge tagzym 2 day/ Kaziyev Ulukbek

Kaziyev Ulukbek/Tugan elge tagzym/ Казиев Улукбек/ Туған елге тағзым.

Бүгін ТЕТ Атырау 2017 экспедициясының 2-ші күні. Біздің күніміз таңғы асқа кешуігімізбен басталды. Оның себебі: біз бүкіл ұлдар 8.06 сағатта тұрдық, тез жуынып, киініп таңғы асқа жүгіріп кеттік. Таңғы асқа бізге омлет пен лимон шайын берді. «Таңертең бізде ашылу салтанаты болады»деп біздің координаторымыз айтқан. Сол үшін біз өзіміздің қызғылт сары футболканы және бейсболканы киіп, дайындап тұрғанмыз. Ашылу салтанаты керемет өтті: Бізді Атырау НЗМ-ның директорымен таныстырды, кейбір ережелерді талдады және бірнеше сыйлықтарды бәріміз алдық...

Біз жолға шығып, «Хан ордасы Сарайшық» мұражайына бардық. Осы тарихы бай және қасиетті жер мен үшін өте пайдалы және қызықты болды, себебі біз Қасым хан, Сарайшық қаланың тарихы және осы жерде жасалған бұйымдар туралы көп білдік. Бізге ата бата беріп, бәріміз қасиетті ағашты ұстап көңілді, жаңа сезімдермен мектепке оралдық. Киімді біздің мектеп формасына тез ауыстырдып, Х. Досмухамежов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне бардық. Микробиология, экология, химия, физика бағытындағы технологиялармен таныстық. Мысалы: бір материалдың тазалығын тексеру үшін, оны агар мен петри табақшысына салады немесе инфрақызыл сәулелерден өткізеді. Біз бірнеше сұрақ қойып, мектепке келдік.

Соңғы жер – бұл Жеңіс саябағына бардық. Біз мәңгілік алаудың қасында фотоға түсіп, жаяу жүргіншілер көпіріне бардық. Осы көпір маған ұнады, себебі ол Қазақстанда ең ұзын көпір болып саналады және оның астындағы Жайық өзені Европа мен Азияды бөледі. Осыдан кейін біз Исатай-Махамбет алаңына бардық. Осы алаң Астанадағы Конгресс Холл қасындағы алаңмен кішкене ұқсас. Біз фотоға көп түсіп, мектепке қайттық.

Біз «Арман асуы» деген керемет фильмді көрдік. Осы фильм Атырау НЗМ-ның оқушыларымен жасалған. Бұл фильм кішкентай Әділханның ауруына байланысты қайырымды акция. Негізінде фильм өте қызықты, жақсы актер шеберлігі.

Осылай біз ТЕТ 2-ші күннін керемет бітірдік. Маған бәрі ұнады.

 
0
0
271

Еще по теме

Tugan elge tagzym 2 day/ Kaziyev Ulukbek - Yvision.kz