Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТУҒАН АУЫЛҒА ЕСТЕЛІК

28 мамыр күні Казталов ауылдық округіне қарасты Қоныс ауылындағы Қоныс негізгі жалпы білім беретін мектебінің 2001 және 2011 жылы мектеп бітірген түлектері туған ауылға естелік сый тарту етті. 2001 жылғы түлектер ауыл есімі жазылған «Туған жерім - Қоныс» жарықшамын орнатса, 2011 жылғы мектеп түлектері ауылдағы спорт алаңының маңында көрермен орындықтарын және балабақша тәрбиеленушілеріне арналған ойыншықтар тарту етті. Аталған игі шараға Казталов аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев қатысып, түлектерге ризашылығын білдіріп, аудан әкімінің «Алғысхатын» табыс етті. Ал мектеп түлектері өздерінің ұстаздарына алғыстарын білдіріп, сыйлықтарын табыстады.

Айта кетейік, түлектердің бұл ерекше сыйы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туған жердің құндылықтарын дәріптеп, құрмет көрсету мақсатында салынып отыр. Түлектердің мұрындық болуымен ұйымдастырылған шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

0
0
189

Еще по теме

ТУҒАН АУЫЛҒА ЕСТЕЛІК - Yvision.kz