kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Осы сайыста біздің ауданымыздан Федоровка ауылдық округінің бастауыш партия ұйымы қатысқан еді. Жақында «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында жиын өтіп, осы сайысқа белсене қатысқан жүлдегерлерін марапаттады. Сайыста барлық жұмыстарын сәтті қорғаған Феодоровка ауылдық округінің Ерік Құсдәулетов басқарған бастауыш партия ұйымы жүлделі ІІ орынды иеленді. Жүлдегер болған бастауыш партия ұйымдарын «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Илья Теренченко құттықтап, бағалы сыйлықтар табыс етті.