«ҚҰТТЫ МЕКЕН» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ.
Бүгін «Құтты мекен» партиялық жобасы шеңберінде «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында Жыланды ауылындағы О.Кошевой ЖОМ қайта құру құрылысының жұмысына қоғамдық-партиялық мониторинг жүргізілді. Партиялық жобаның мақсаты -болашағы бар ауылдарды сақтап қалу, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуға партиялық бақылау орнату, сапалы нысандар салынуына бақылау жасау. Жоба инфрақұрылым дамытуға мұқтаж елдімекендерді, құрылыс үшін әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдар нысандарының тізімі анықтайды. Бүгінгі іс-шара аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары – Қ.Еркебаев, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы - Халық Серік, аудандық партия филиалының консультанты – Әміров Айбек Пірімжанұлы және О.Кошевой ШЖЖОМ директоры - Османов Оразалы Ағалыұлының қатысуымен өтті. О.Кошевой ШЖЖОМ 150 оқушының толықтай білім алуына жағдай жасалады және ауыз сумен, жарықпен, жылумен толықтай қамтамасыз етілетін болады. Аталмыш нысанға қайта жөндеу құрылысын жүргізіп отырған мекеме «БАРАТ И КО», техникалық қадағалаушы мекеме «ЛЮКС Строй инженеринг», жоба авторы «Береке» ЖШС, жалпы сметалық құны – 611189,33 теңгені құрап отыр. Нысанды аралау барысында мектеп ішінде қазіргі заманға сай жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығы байқалып отыр. Қоғамдық-партиялық мониторинг барысында мектеп асханасының, оқушыларға арналған дәретханалардың, спорт залдың, кітапхана бөлмесінің, медқызметкерлерге арналған кабинеттердің, сонымен қатар, оқушыларға арналған кабинеттеріне, нысанның ішкі және сыртқы құрылысының күрделі жөндеу жұмыстарына партия тарапынан оң баға беріліп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
