Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«Тосын сый»

Астана, 5 шілде 2016 жылы - Бүгін «Теңізшевройл» ЖШС Батыс Қазақстанда орналасқан Теңіз кен орнының өндірістік қуаттылығын арттырудың келесі сатысы болып табылатын Келешек кеңею жобасы мен Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) қаржыландыруға қатысты ақырғы шешімнің қабылданғаны туралы хабарлады. Қазіргі таңда ККЖ-ҰЕҚБЖ құны күтілмейтін шығындар мен өсімді қосқанда 36,8 млрд. АҚШ долларына бағаланып отыр. Алғашқы мұнайды алу 2022 жылға жоспарланған.
ККЖ аясында 2008 жылы Теңіз кен орнындағы өндірістік қуаттылықты арттыру үшін ТШО-ның алдыңғы жобасында табысты түрде дайындалған және сыналған шикі газ айдау технологиясы пайдаланылады. Нәтижесінде Теңіз кен орнындағы шикі мұнай өндірістік қуаттылық жылына шамамен 12 млн. тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге артып, жылына шамамен 39 млн. тоннаны немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды. Шарықтау кезінде бұл көрсеткіш тәулігіне 900 мың баррельден асады. ККЖ-ны жүзеге асыру арқылы өндіріс көлемі артса, ҰЕҚБЖ атқылайтын ұңғылардың ернеулік қысымын төмендетіп, қолданыстағы алты кешенді технологиялық желінің кіре берісіндегі қысымды арттыру арқылы Теңіз кен орнында жұмыс жасайтын зауыттардың толық қуатпен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
«Бүгін біз мұнай-газ саласын ғана емес, тұтастай елімізді қамтитын тарихи оқиғаның куәгерлері болып отырмыз. Дәл осындай шешімдер әрқашан және барлық жерде қабылдана бермейді. Бұл соңғы он жылдың ішіндегі Қазақстанның ең ірі инвестициялық жобаларының бірі болып табылады. «Теңізшевройл» компаниясының келешек кеңею жобалары – бас қаланың күніне орай елімізге табысталған үлкен сый. Инвестицияның жалпы құны 37 миллиард долларды құрайды. Бұл санның астарында көп жай жатыр. Ең бастылары - жаңадан ашылатын 20 мыңнан астам жұмыс орындары және мұнайды өндіру көлемінің жылына 12 миллион тоннаға артуы. Ал бұл дегеніміз, еліміздің қазынасына келіп түсетін миллиард доллар табыс», - деп атап өтті Қазақстан Республикасының энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
«Қазіргі таңда ККЖ-ҰЕҚБ жобасы жүзеге асыруға дайын тұр, демек, ол Қазақстан Республикасының экономикасына және ТШО Серіктестеріне орасан зор пайда әкеледі», -деді ТШО Бас директоры Тед Этчисон. «ТШО Қазақстанның келешек ұрпағы жемісін көретін Теңіз кен орнындағы сенімді және тұрақты мұнай өндірісін қамтамасыз ету мақсатында әлемдік деңгейдегі осы жобалардың Қазақстан Республикасымен ұзақ мерзімді серіктестік қатынаста жүзеге асырылатындығына сенімді».
ТШО Бас директорының орынбасары Әнуарбек Жәкиев: «Жұмыс орындарын ашу, тауарларды өндіру және қызметтерді сатып алудан жалпы Қазақстан Республикасының экономикасына тиетін мультипликативті әсер айтарлықтай болады. ККЖ-ҰЕҚБЖ келешекте еліміздің игілігі үшін пайдалы жобалау, жоғары технологиялық жабдықтар қызметін қамтамасыз ету, жобаларды басқару, модульдерді жасау және салу сияқты салалардағы жаңа мүмкіндіктер түрінде мұра қалдырады»,- деп атап өтті.
ККЖ құрылысының қарқынды кезеңінде 20 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. ТШО 1993 жылдан бері 20,8 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алды. ТШО жобалау, сатып алу және модульдерді жасау жұмыстарын орындау үшін ККЖ-ға қазақстандық кәсіпорындарды тартуда. Қазіргі таңда 1600-ден астам қазақстандық компания алдын-ала таңдаудан өткен.
ККЖ-ҰЕҚБЖ нобайлық жобалау бойынша жұмыстарды аяқтап, егжей-тегжейлі жобалау көлемінің шамамен 52%-ын орындады. Қазіргі таңда жоба тобы жеткізілу мерзімі ұзақ жабдықтарды сатып алумен айналысып, Теңіз кен орнында орналасқан нысандарда жобаның негізгі инфрақұрылымын салу бойынша ерте дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. ТШО Серіктестері мен ККЖ-ҰЕҚБЖ тобы жобаны жүзеге асыру жоспарларының сенімділік деңгейін арттыру және жобаны орындауды оңтайландыру мақсатында оларды әрі қарай жетілдіретін болады.
«Теңізшевройл» ЖШС – шикі мұнай, сұйытылған көмірсутекті газ, құрғақ газ бен күкіртті барлау, өңдеу, өндіру және сатумен айналысатын қазақстандық серіктестік. ТШО өз қызметін қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы әлемдік деңгейдегі стандарттардың талаптарына сәйкес жүргізеді. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Шеврон» корпорациясы
арасында құрылған. Қазіргі таңда компания серіктестерінің құрамына «Шеврон» - 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ - 20%, «Эксон Мобил Қазақстан Венчурз Инк.» - 25% және «ЛукАрко» - 5% акциямен кіреді.

Еще по теме

«Тосын сый» - Yvision.kz