Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТОО «ПНХЗ»

2015 жылғы 16  қараша айында «Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ басшысы -     Әлібаев А. Қ.  және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Павлодар филиалының директорының міндетін атқарушы – Исина Р.А. «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС кәсіпорынына барып қайтты.

Павлодар өңірі бойынша жанар-жағармай материалдарын шығаратын ең ірі кәсіпорынның ұжымымен кездесу барысында Дүниежүзілік сапа күніне орай және өркениетті еліміздің ілгері дамуына қосқан адал еңбегі мен елеулі улесі үшін Қазақстан Республикасы Ивестициялар және Даму Министірлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Құрмет грамотасы тапсырылды.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС кәсіпорыны 5 менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорын, соның ішінде 5 S жүйесі, ҚР СТ ИСО 9001:2008/  МС ISO 9001:2008 талаптарына сәйкес сапа менеджмент жүйесі,  МС ISO 14001:2004 талаптарына сәйкес қоршаған орта менеджмент жүйесі, МС OHSAS 18001:2007 еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулық қорғау менеджмент жүйесі, МС ISO 50001:2011 талаптарына сәйкес энергетика менеджмент жүйесі, ҚР СТ 1352-2012/SA 8000:2008 талаптарына сәйкес корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік менеджмент жүйесі.

Менеджмент жүйелерін енгізу кәсіпорынға өнім сапасы, денсаулық қорғау және әлеуметтік қауіпсіздік сұрақтары бойынша жаңа және жоғарғы деңгейге шығуға мүмкіндік берді.

«Павлодар мұнайхимия зауыты»  ЖШС өкілдерімен кездесу барысында келесі сұрақтар қарастырылды:

- Дүниежүзілік сапа күніне қарай «ҚР Инвестициялар және Даму Министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің» құрмет граматасы тапсырылды;

- «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар;

- Кедең одағы, ЕурАзЭҚ және ДСҰ ясында  жүргізілетін жұмыстар;

- бәсекеге қабілеттілігін дамыту және өнім сапасын қамтамасыз етуде  стандарттау ролі (номативті техникалық құжаттарды пайдалану, стандарттарды әзірлеу, кәсіпорынға НҚ тізімі);

- нормативтік және текникалық құжаттардың біріңғай мемлекеттік қорының мүмкіндіктері;

- «Интернет-магазин» ақпараттық жүйеде абонементтік қызмет көрсету, «Онлайн-доступ» қызметі, нормативтік құжаттарды актуалдандыру, www.eurasiancommission.org, www.memst.kz, www.egfntd.kz сайттарына шолу жасалынды;

- ҚР каталогизация жүйесін енгізу;

- техникалық реттеу саласында кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру.

Тұсаукесер барыснда Техникалық реттеу және метрология Комитетінің сайтына - www.memst.kz, Еуразиялық экономикалық комиссия сайтына - www.eurasiancommission.org және НТҚ біріңғай МҚ - www.egfntd.kz шолу жасалынды. «Интернет-магазин» ақпараттық жүйеде абонементтік қызмет көрсету, әрекеттегі нормативтік құжаттарды актуалдандыру, және де НТҚ қарауға жаңа «Онлайн-доступ» қызметі бойынша түсініктемелер берілді.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС кәсіпорынының жетекшісі мен бас мамандарымен кездесу барысында қойылған сұрақтар: Кеден одағы техникалық регламенттердің қолданылуы, Кеден одағы жағдайында өнім сәйкестігін растау, нормативтік құжаттарды сатып алу рәсімі (ГОСТ, СТ РК, ГОСТ Р, нормативті құжаттарды актуалдандыру, қызметкерлерді оқыту.

Барлық сұрақтарға түсініктемелер берілді.

 

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаменті» РММ

1
0
513

Еще по теме