Қ.ТОҚАЕВТЫҢ МЕМЛЕКЕТ БАСҚАРУҒА МОРАЛЬДЫҚ ҚҰҚЫ ЖОҚ!
Өкінішке орай. президент Қ.Тоқаев Абайға сілтеме жасай отырып (https://tengrinews.kz/ kazakhstan_news/abay-aytkan-bes-dushpannan-tolyik-aryilgan-jokpyiz-tokaev-410802/) халықты даттағанмен, өзінің айтып отырғанына есеп бепмейтін сияқты...
"Азаматтарымыздың арасында жалқаулық пен сөзуарлық жиі кездесетіні қынжылтады", деп кесіп айту үшін, халыққа еңбекақы табатын жұмыс ұсынып, кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау қажет. Бұл жағдайларды жасағанда халық жұмыс істеуден бас тартса, сонда айтуға болады…
Ал, Қазақстанда бүгінгі күні қалыптасқан жағдайда, "Бұлар бұрынғыша тойқұмарлықтан тартынбай, күнделікті тынымсыз тірлікті дәріптеудің орнына, әрбір қоғамдық оқиғадан саяси астар іздейді де отырады", деп халықты жазғыру, жұмсақ айтқанда саяси көрсоқырлық!
Індеттің алдын алуға 6 трлн теңгенің дер кезінде бөлінгеніне қарамастан, халықты қасақана қырғынға ұшыратқан билікке талап қойылмаса арты немен тынатын еді, президент мырза?! Бұл жерде де саяси астар жоқ, тек қана жемқорлардың құлқынын толтырып, «үнсіз» құтылу қажет пе еді?!
«Заман талабына сай білім алу интеллектуалды ұлт қалыптастыруға жол ашады», деп ой толғапты...
Қазіргі қазақ жастары дүние жүзінің алдыңғы қатарлы барлық оқу орындарында білім алып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде. Тіпті оқуы да, жазуы да дүниежүзіндегі ең күрделі тіл, қытай тілін де меңгеріп, қытайдан білім алып келіп жатыр. Өкінішке орай, сол білімді жастардың көпшілігі шет елде қалуға тырысады. Себебі, елде ол білімді қолданатын сала жоқ. Болған жағдайда да пара бермей ондай жұмысқа тұру мүмкін емес. Оған кім кінәлі, халық па?!
«Абай әрдайым қоғамның береке-бірлігін арттыруға ден қойды. Ол "Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің - бәрі бос" деп, елді татулыққа шақырды. Біз аса күрделі кезеңді бастан өткерудеміз. Осындай сәтте бір-бірімізге қол ұшын беріп, өзара мәміле мен ынтымағымызды арттыра түсу аса маңызды. Кемеңгердің де жан-жүрегімен тілегені жұртының амандығы мен ұлтының тұтастығы еді», деп сәуегейлік көрсетіпті.
Президенттің бұл «данышандығы» тіпті таң қалдырады... Егер қазақ халқының ынтымағы мен қарапайым халықтың бір-біріне деген достық қарым-қатынасы болмаса, халық басына түскен ең үлкен ауыртпашылық, індеттен мезгілсіз ажал құшқандардың саны қазіргіден де көп болған болар еді. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Мүмкін сол ынтымақ пен достық қарым-қатынасты қалыптастыратын қазақ халқының көпшілдігі шығар! Жақсылықта бірге қуанып, қиыншылықты бірге көтеру қазақ халқының салт-дәстүрі арқылы қалыптасқан. Ия, кейбір жағдайда артық кетіп, салт-дәстүрді бәсекелестікке айналдырып жіберетін кемшіліктеріміз бар. Бірақ, кемшіліксіз халық та, адам да болмайды. Халықтың мәдениетін жаңа деңгейге көтеріп, үлкен жетістіктерге бастайтын көшбасшы, бірінші кезекте мемлекет басшысы болуы керек!
Халықтың жағдайын жақсартып, мәдениетін көтеруге кім кедергі жасап отыр, президент мырза?!
Ал, халыққа көңілің толмайтын болса, басқа кімге президент болмақшысың?! Халықты алға ұмтылуға серпін беріп, талаптандырудың орнына, «жалқау, мәдениеті төмен», деп, онсыз да індет пен дағдарыстан қалжыраған халықтың жігерін таптау – ол достың емес, нағыз жаудың ісі. Бұндай айла, отаршылдардың әдісі!
Қорыта келгенде, халыққа қамқор болып, жағдайын жақсартуға күш салудың орнына, өз халқын өзі менсінбей, «мәдениетсіз, жалқау», деп жоғарыдан қарайтын «президенттің» барынан-жоғы!
Бұндай адамның мемлекет басқаруға моральдық құқы жоқ!
Осы бүгігі күнге дейін биліктің кемшіліктерін қанша сынға алсақ та, құр сын айтпай, қалыптасқан жағдайды сараптап, қоғамды президентке қолдау көрсетуге ықпал жасаған болсақ, президенттің бұл «пікірінен» кейін, қолдау көрсетпек түгілі, Тоқаевтың қазақ екені өкініш туғызып отыр...
Енді оның мемлекет басшылығын, төңкеріске жеткізбей, өз еркімен босатуын талап етеміз!
Міне, «мемлекет басшысының» Абай күніне арнаған «сиы» осындай...
«Оян, Ұлы Елдің Ұрпағы!» Ұлттық қозғалысы Ж.Абильдинов 10.08.2020 ж.
