Өткен күндерден сыр шерткен
Жазушы Айтбай Хангелдин "Өткен күндер" деп аталатын туындысын оқып шықтым. Әңгімелер мен повесттері керемет әсер қалдырды, сондықтан керек жерін бөліп жазғанды жөн көрдім.
Шығарма авторы алғашқы бетін "Сықырдың сынығы" әңгімесімен басталған. Ауылдагы Айбарша келіннің басына түскен қиын күнге ауыл адамының қалай әсер ететіндігі. Жарымбет қарт пен оған мүлде ұқсамайтын Жарбол арасындағы ұят деген сезімдін өзінше бөлек көрсетіледі. Ал "Күрес" атты туынды кішкентай кездегі балалық шақтың естеліктерін еске түсіріп, сағынышын басқан достар арқылы суреттеледі. "Алғыс" пен "Қос қарлығаш" сол жыдардағы кохоз өміріндегі жастардың ерлігі арқылы көрінеді. Негізгі әңгімеге арқау болған Қарағанды көмірінің қалай табылғандығы туралы тарихты да айтылады. Ал "Екі түн екі күн" әңгімесі Сергей Миронов Киров туралы да сыр шертеді. Желі негізінде біз білмейтін аңыздар мен теңіз туралы. Және сол жылдары құсбегілік арқылы күн көру мен жастардың шаңғы үйірмесін де ашуы.
Ал повестеріне келетін болсақ. Олар "Көлдей", "Керемет" пен "Толқын".
Көлдей өз ісіне адал колхоз адамы. Және ауыл директоры совхоздағы адал еңбек пен сынға ұшырайтын мінездері арқылы көріну. Керемет сөз саптаулары мен жастардың бір - біріне ыстық сезімдерін жеткізіп, түсінбеушілік соңы ғашықтарды қосумен аяқталады.
"Керемет" атты туындыда ертегі желісіндегі қазақтың бұрынғы батыры мен ән күй арқылы аурудан жазылдыру. Ондағы Керемет деп ел ат қойған кейіпкер мен оның ер жеткен ұлы Доланы арқылы беріледі. Хан мен уәзір, хан қызы мен Доланың арасындағы шиеленісті қатынастар.
"Толқынды" повесі толқындай ескен жас жүректің, әсіресе Анапи келін туралы болмақ. Ондағы қозғалған мәселе ел бірігіп жұмыс істегенде, олардың соғысқа кеткен жақындарына қол ұшын бермей, жанталасқан жұртты түсінбей, үйде бос жататын келіннің көңілі.
