Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӨТКЕН ҒАСЫРДЫ БҮГІНГІ КҮНМЕН СЫРЛАСТЫРҒАН -«КАНВАССИНГ»

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер – Мәлік Құлшар, Жаңабек Жақсығалиев және Сәбира Сүндетова арнайы сапарлап Тасқала ауданына барды. Аудан орталығы тұрғындарымен кездесіп, ашық сұқбаттасып, ауыл халқының сұрақтары мен ұсыныстарына жауап берді.

Сонымен қатар, ауданның құрметі азаматы, тыл ардагері – Мұхамбетнағым Баймағамбетовтің хәл-жағдайын біліп, аман-саулық сұрасу мақсатында ақсақалдың үйіне қарай жол тартты.

Еңбек ардагері, ұлт жанашыры, көпті көрген ауыл ақсақалы – Мұхамбетнағым Баймағамбетов үміткерлермен сайлау науқаны туралы әңгімелесіп, «Nur Otan» партиясына сәттілік тіледі.

Кездесу барысында үміткерлер ақсақалмен ел болашағы аясында өзара пікірлесіп, аға буын өкілінен ақыл-кеңестер сұрады.

Өткен ғасыр тарихынан сыр шерткен ардагер үміткерлерге ақ батасын берді.

0
0
147

Еще по теме

ӨТКЕН ҒАСЫРДЫ БҮГІНГІ КҮНМЕН СЫРЛАСТЫРҒАН -«КАНВАССИНГ» - Yvision.kz