ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ!!!
ТОЛЫҒЫРАҚ: http://rukhpentil.org/?p=1376
лды Ақпарат ағыны, Жаңалықтар 1 Пікір
Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру өзімізден, тұрып жатқан үйімізден, орналасқан көшемізден, қарапайым дүкенімізден басталады. Сондықтан қазақ тілінің жағдайын өзгерту, оны нағыз мемлекеттік тіл деңгейіне жеткізу өзіміздің ғана қолымызда!
Осыған байланысты «Рух пен тіл» қоғамдық-саяси ұйымы Қазақстандағы барлық тіл жанашырларын өзінің тұрғылықты жері бойынша мекеме, дүкен маңдайшаларының, көше атауларының, жарнама жазуларының «Тіл туралы», «Жарнама туралы» заңдарға сәйкес жазылуын қадағалап, заң бұзушылықтарды анықтап, онымен күресуге шақырамыз! Қазақ тілінің қорғаны болатын «Тіл сақшысы» атаныңыз!
Ол үшін сіз аталмыш заңдарға қайшы кемшіліктерді, орфографиялық, стилистикалық қателіктерді суретке түсіріп, жергілікті Тілдер басқармасына оны шағым хат ретінде жазып жіберсеңіз болады. Немесе «Рух пен тіл» ұйымына хабарласып, түсірген суреттеріңізді [email protected] поштасына жіберсеңіз, ұйым жастары Тілдер басқармасына шағым хатты жазып береді.
Ең бастысы – үнсіз, әрекетсіз қалмаңыз! Сіздің заң бойынша «Тілдер туралы» заңның орындалуын талап етуге құқығыңыз бар!
Қосымша ақпараттар үшін Алматы қаласындағы «Рух пен тіл» ұйымына хабарласа аласыздар.
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Қастеев көшесі, 41 “А” (Қабанбай батыр к-нің қиылысы).
Байланыс телефондары: 8 (727) 291 83 46, 8 702 585 15 85, +7 771 4543367,
+7 707 776 79 93
