ТІЛ МӘРТЕБЕСІ-ЕЛ МӘРТЕБЕСІ
Қай елде,қай жерде болмасын,елдің ел екендігін ,жеке мемлекет екендігін айшықтап беретін ,сонымен қатар бір-бірімізбен ара-қатынасымызды нығайтуға көмек беретін ,ол біздің –тіліміз.Тілі жоқ елдің ,өзі де,мәдениеті,дәстүрі,ұлттық құндылықтары да жоғалуы мүмкін.Бұл сөзіме дәлел ретінде ,Ғабит Мүсірепов атамыздың мынадай нақыл сөзін алға артқым келіп отыр:«Ана тілінен айырылған адам-өзі,халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен айырылады».
Себебі,біздің қазірге дейін келіп жеткен ұлттық мұраларымыздың барлығы дерлік осы тіліміздің арқасында ауыздан-ауызға айтылып қазірге жетіп отыр.Сондықтан болар ,біз кімбіз,арғы тегіміз кім болған бәрін естен шығармай келеміз.
Алайда қазіргі таңда жанымызды жегідей жейтін жайттар да жоқ емес.Қазіргі кездегі тіліміздің шұбарлануы ,ана тілімізге өзге тілдерді араластырып сөйлеу әдетке айналғандай.Қазақ бола тұра өз ойын жеткізе алмай,тілімізді шұбарлап жатады. «Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі,не шала білуі мені қынжылтады.Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі-деген екен»,Бауыржан Момышұлы.Расымен ,тәрбиенің бесіктен басталатынын жақсы білеміз.Осы жағдайдың орын алуы, отбасымыздағы тәрбиенің жеткіліксіз болуынан да шығар.Бесікте жатқаннан бастап,өз ана тілімізде тәрбие берсек, ата-бабамыздан қалған ертегі,аңыз-әңгімелерді естіртіп өсірсек,мақал-мәтел,жаңылпаш айтқызып үйретсек ,өз ана тілімізді шұбарлауға ешқандай себеп болмас еді.
Сол бесікте жатқан сәбилер,мына біздер ,жастар еліміздің ертеңгі болашағымыз.Болашағымыз жарқын болсын десек,көзге көрінбейтін кішкентай қателіктерді түзеуден бастауымыз керек.Өзіміз қазірден ана тілімізді шұбарлап жатсақ,болашақ ұрпақ ана тілімізді ұмытып қалуы да,болашақта ана тілімізді жоғалтып алуымызда ғажап емес.Ал тілі жоқ елдің-өзі де жоғалады,ұлттық құндылықтарынан айырылады.
Себебі,тіл-елдің елдігінің ,оның ғылымы мен мәденитінің ,өнеркәсібінің ,қоғамдық құрылысының, салт-санасының ,дәстүрінің,ұлттық мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін ,білдіріп тұратын көрсеткіш.
