ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Бүгін 16 желтоқсан ҚР Тәелсіздік күні меркесінде аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер - Шымырбаева Рысты Алимбетовна және Бердиева Гулнар Ниязалықызы аудан тұрғындарына Түлкібас ауданы бойынша "Nur Otan" партиясының Сайлауалды бағдарламасын тікелей эфирде түсіндірді. Ол «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың 7 басым бағыттарының негізі етіп айқындап, нақты міндеттерді қамтитындығын айтты. Олардың 100%-ы мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындауға бағытталған.
Бағдарламаның міндеттері Түлкібас ауданындағы ауылдық округтердің негізгі сұраныстарын қамтиды, қоғамның өзекті мәселелеріне жауаптар беретіндігін алға тартты. Тікелей эфир соңында барша аудан тұрғындарын 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда Nur Otan-ға дауыс беруге шақырды.
