Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

TET 5 2k17

ТЕТ 2017

Күн 5

17.06.2017

Бүгін біз Күлсара деген аулыдың орнына Атырау мұнай және газ университетіне бардық, себебі Күлсараға жол 3 сағатай уақыт алушы еді. Қазақстан Республикасының жалғыз мұнай және газ унивеситетінде бізді мұнайды тазартуға арналған технологияларды көрсетіп түсіндірді. Мысалға: дистилляция  процессінее негізделген машина мұнай басқа фракцияларға бөліп әр түрлі өнім жасалынады. Лабораторияларды аралып болғанда, бізге бесінші қабатта орналасқан Ұлы Отан Соғыстағы солдаттардың өміріне арналған музейді көрсетті. Залда Атырау облысындағы әйгілі зерттеуші Вячеслав Львович өз сезімдерін бізге жеткізе білді. Музейдің зерттеушісі өз өмірін жоғалған сарбаздар туралы ақпарат табуға арнады. Соңыда, көбінесе сарбаздардың хаттары жанын тебіренте көңілін босатты. ҚСРО мен немістің солдаттар киген әскери киімдерін көру қызық болды. Университтетің спорттық залының жетекшісін көріп, оның бойынан таңғалдық. Университет өзі кішкентай қалаға ұқсайды. Соныңда бізде конференц залында студентері мен мұғалімдерімен шағын әңгімелесі болды. Университеттегі түрлі клубтар, ұйымдар туралы қызықты фактілер берді, біздің сұрақтарымызға жауап берді. Кешке Атырау облыстық кітапханаға барып көптеген өнертану, химия, физикаға байланысты кітаптарды қарастырдық.  Ақкөңіл, кең пейілді, қайырымды кітапханашылар бізге бос жүріге және пианинода ойнауға рұқсат берді. Жатақханаға келгенде біз Атыраудың ұлдарымен футбол ойнап шаршадық. Сонымен, мен бүгінгі күні өте қызықты өтті деп ойлаймын.

         
0
0
220

Еще по теме

TET 5 2k17 - Yvision.kz