TET 3 LAIK PODPISKA RAKHMET
TET
14.06.2017
Үшінші күн
Бүгін мен таңғы сағат алты отызда оянып жатақхананың залда тұрған диванда күтіп отырдым. Таңғы астан соң “Туған елге тағзым” экспедициясының жоспары бойынша біз “Chevron ” филиялының Атырау полиэтилен құбырлар зауытына бардық. Зауытта біз 2 павильонға кіріп шықтық. Полиэтилен құбырларының жасалу методикасын білдік. Екінші павильоңда Chevron кампанияның құрбыларды жапсарлауға арналған жапқыштар жасалады. Осы зауытқа сапар ұзаққа созылды, біз барлығымыз шаршап мектепке қайтар жолда демалып, ұйықтадық. Мектепке келгенде бізде түскі астың алдында және одан кейін бір сағаттай уақыт болды. Осы уақытта мен біріншіден балалармен ойнадым, содан демалып ұйықтадым. Кейін Атырау облыстық өнер мұражайына бару керек еді. Көбінесе Атыраудағы суретшілердің жұмыстары көрмеге қойылған. Суреттердің маңызыдылығы олардың мағынасында жатыр. Әрбір өнер туындысы Атыраудың және қазақ хандығының ерте замандағы тарихын сипаттайды. Мұражай қызметкерлерімен және атыраулық суретшілермен кездескенде біз Атырау қаласының өнер құндылықтарын туралы өз білімізді кенейттік . Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхатта бізге өтте жақсы гид орыс тілінде бізге барлығын түсіндіріп берді. Мектепке келгенше бізде Атыраудағы атақты профессор мен химия ғылымдардың кандитатымен кездесуі болды. Олар бізге өз атақ туралы баяндады. Кешке бізді ТРЦ-ге апаратын автобус сынып біз кешкі оңға демалып, ойнадық.
