Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

TET 2

ТЕТ 2017

Күн 2

14.06.2017

Бүгінгі күн өкінішке орай кеш басталды, себебі біз достарымызбен бірге сағат 8де тұрып таңғы асқа сəл кешігіп қалдық. Таңертеңнен бастап біз Атырау қаласының көне қасиетті жерлеріне саяхат жасадық. Біріншіден, біз автобуспен Сарайшық кенті-археологиялық зерттеу қалашығы, «Хан ордасы Сарайшық» мұражайына бардық. Автобуста іш піспес үшін əңдер айтып өз көңілімізді көтердік. Мұражайына келгенде біз біріншіден қасында тұрған мешітке кірдік, имам бізге бата оқыды. Мешіттен шыққан соң біз Атырау қаласының көне әулие ағашына жақындатып осы ағаштың тарихын білдік. Мені таңғалдырғаны ол ағашты үш рет айналып бұтақтан ұстасан сенің қасынаң сәтілік қалмайды. Содан соң біз «Хан ордасы Сарайшық» мұражайына кіріп Сарайшықтың тарихын білдік. Мектепке бара жатқанда мен автобуста ұйықтап қалдым, сондықтан осы сапар маған расында көзін ашып жұмғанша бітті. Мектепте тез түскі асты ішіп, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне бардық. Университет оқушылары жасаған көптеген микробиологияға және химияға байланысты зерттеу жобаларымен таныстық. Университетте маған қатты ұнаған кабинет - ол FABLAB жұмыс орны, себебі мен өзіме Атырау қаласынан робототехникаға қатысқан жаңа достармен кездестім. Олармен  әңгімелесіп олар жасап жатқан роботтарды және жобаларды сүретке түсірдім. Университетке сапардың соныңда бізге Х.Досмұхамед туралы зерттеулерді жүргізген зерттеуші өз тәжірибесімен бөлісті. Мектепке келіп кешкі асты іштік. Негізінде біз кешкі астан соң волейбол жарысын өткізу керек едік, алайда уақыт аз болғандықтан Жеңіс саябағына, жаяу

жүргіншілер көпіріне бардық. Көпірдің аңызың біліп 10 тілек ішінен айтып өзенге көпірден 10 тенге лақтырдық.  Исатай –Махамбет алаңына келіп көптеген күлкілі, креативті фотолар жасадық. Осы күнді қорытындылай келсек, бүгінгі күні көңілді, күлкілі және сапарларға толы болды.


 
1
0
274

Еще по теме