Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

TET 1

13,06,2017

1-күн

Атырау қаласындағы алғашқы күн тосын сыйға толы болды. Атыраудың оқушылары өздеріңнің қонақжайлығын көрсетіп, пойыздан шыққанда бізге шұбат және бауырсақты дәм татуға ұсынды. Вокзалдан шыға сала бір топ оқушылар музыкалық қолдаумен би-билеп қарсы алды. Олардың дайындаған көңілді флешмобы мен тәтті сыйлықтары жолдан бізден шаршағандықты шешкендей болды.  Содан кейін Атырау вокзалынан мектепке дейін автобуспен жол тарттық. Жол жөнекей Атыраулық жаңа достарымыз бізге қала жөнінде қызықты ақпарат айтып отырды. Мектепке келгенде бізді Өскемен қаласынан келген оқушылары қарсы алды. Біз жатақханаға жайғасқаннан соң, мектеп асханасында тамақтандық. Мені таңғалдырғаны - ол жатақхананың мектеп ішінде болуы, себебі біздің мектепте жатақхана жеке тұр. Біз Өскемен қаласының оқушыларымен танысып жатақханның фойесінде жиналдық. Туған елге тағзым жобасының жауапты, жатақхана меңгерушісі жатақхана және қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Біз терезелерді толық аша алмайтынымыз менің көлін қалдырды, себебі осы уақытта мен Атыраудың ыстық ауа райынан терлеп, қиналып жүрдім. Алайда Атырау оқушыларының айтқанынша бүгін салқындау болды. Мектеп психологтары Өскемен және Астана қаласынан келген оқушыларын таныстыру ретінде фото-квест ойынды ұйымдастырды.  Квестте әр фото бірнеше ұпайға тең болған, осылайша біз екі топқа бөлініп бір минут ішінде түрлі фотолар түсірдік. Ойынның негізгі мақсаты - мектептін сыртында серуендеп фото жасау.  Серуендегеннен соң, біз барлығымыз мектепке оралып, жатақхананың фойесінде жиналдық.  Танысу кеші маған өте ұнады. Біз түсірген суреттерді психолог жинастырып бізге презентация ретінде көрсеткен. Содан соң біз ойынның жеңімпазын анықтап оларды құттықтадық та екінші кешкі асымызды іштік. Атыраудың оқушылары кейін бізді кешке қарай дискотекаға шақырды. Біз би билеп, ән тындап демалдық. Көптеген жаңа сезімдерге толып, біз қайтадан жатақханаға оралдық. Бүгінгі бірінші күн маған өте ұнады. Себебі, мен жаңа адамдармен танысып, Атырау қаласын бірінші рет көрдім.

   
1
0
235

Еще по теме