Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ТЕСТ КЕЗІНДЕГІ ТЫҢ САУАЛ: ҰБТ ӨТКІЗУ ОРНЫНДАҒЫ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫМЕН СҰХБАТ

Елде Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу деп аталатын кең ауқымды науқан басталып кетті. Биылғы бірыңғай тест 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. Ұйымдастырушылар үшін бұл кезең оңай тимесі анық. Байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде арнайы техникамен жабдықталған тест тапсыру бекеттері орналасқан.Олай болуы заңды да, себебі бұл білім сынағына орта мектеп бітірген 92827 түлек қатысқалы отыр. Олар республиканың барлық өңірлерінде ашылған 165 тест тапсыру орындарына барып бақ сынайды. 

Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу барысындағы ең жоғары балл — 140. Дегенмен, көптеген қазақстандық жоғары оқу орындарындағы өту балы кемінде екі есе төмен. Жылдағы тәжірибеден байқағанымыздай, бұл өту балын барлық үміткерлер еңсере алмайды. Талапкерлерге ақылы бөлімге түсу мүмкіндігі беріледі. (алайда тесттен қайта өтуге тура келеді).

Сондай тест өтетін нүктелердің бірінде (Түрксіб ауданы бойынша, №2 филиал) біз де болып қайттық. Ол халық шаруашылығы университетінің кең дәрісханасында орын тепкен екен. Өткен жолы біз Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастырушылардың бірімен әңгімелескен едік., ал бүгін осы шараның басы-қасында жүрген тағы бір маман, Алматыдағы №71 мектептің директоры Светлана Николаевнаны таныстырғымыз келеді.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі бөлімге бөлінуін қаншалықты оң шешім деп ойлайсыз? Олар мектеп бітіргенде бір емтихан, жоғары оқу орнына түсерде тағы бір сынақ тапсырады емес пе?
С.Н.: Біз жаңа қалыптағы сынақты өтіп көрген жоқпыз. Қазір ғана қолға алғалы тұрмыз. Ал мұның нәтижесі қандай болатындығы әлі беймәлім. Жеке ойымды айтар болсам: тестілеу екіге бөлінген жағдайда, оның өзі екі кезеңмен өтуі керек еді. Яғни, мектептегі емтиханды бір тапсырып алып, кейін Ұлттық біріңғай тестті тағы тапсырту керек еді. Мысалы:
- бірінші кезең — міндетті үш пәнді тапсыру, Бұл кезде «Алтын белгі» иегерлері босатылуы тиіс;
- екіншісі — міндетті екі пәнді тапсыру, Бұдан халықаралық, республикалық байқаулар мен олимпияда жеңімпаздары босатылғаны дұрыс болар еді.

Мектеп бітірушілер қорытынды аттестауды 5 емтихан түрінде тапсыратынына, оның екеуін өзі таңдайтынына қалай қарайсыз?
С.Н.: Бұл сонау кеңес одағы кезінен келе жатқан қалыпты құбылыс. Бұл бағытта ешқандай жаңалық ашылған жоқ. Бұл – ең оңтайлы нұсқа екені айқын.

Ұлттық бірыңғай тест кезінде ең басты пән болып математикалық сауаттылық пен оқу сауатының мінсіздігі басты назарда екенін білесіз. Бұл білімді екшеуге жеткілікті деп ойлайсыз ба? 
С.Н.: Менің ойымша, бұл - бала білімін бағалауға жеткілікті. Басқа пәндерді алар болсақ, мысалы математика пәнінінің өзі емес математикалық сауаттылықты айтар болақ, емтихандар мектепте тапсырылады. Қатесіз оқу мен эссе, шығарма жазу секілді басқа да түрлі сынақ түрлері мектепте өтеді.

Сіздің оқушыларыңыз тестілеуден қандай орташа балл алып шығады деп ойлайсыз?

С.Н.: Алдын-ала тон пішуге болмайды дейді ғой. Біз өзімізге лайықты бағамызды аламыз. Әрине, жоғары көрсеткіш болады деп сенемін.


0
0
1052

Еще по теме